Сахабалардан сыр сыңғыры-39
Сахабалардан сыр сыңғыры-39
29.10.2018 13:43
308
0

Рабиъа ибни Кәъб рһ.

Әбу Фирас лақабымен әйгілі болған Рабиъа, Арда елшінің үйде де, түзде де жеке қызметінен табылып отырды. Ол бұл ісімен мақтана абырой санайтын. Асхабус-суффадан еді. Әз елші көз жұмған соң Мәдинадан қоныс аударып, 12 шақырымдық Әсләм руының мекеніне барып мекендейді. Осы себепті Әсләми яғни Әсләмдік деп танылып кеткен. Арда елшіден 12 хадис жеткізген. Риуаяттары Мүслим, Термези, Әбу Дәуід, Нәса-ій және ибн Мәжада кездеседі.

Хижреттің 63 жылы қайтыс болған.

Аллаһ ол кісіден разы болғай! 

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 1 том, 410-411 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

0 пікір