Сахабалардан сыр сыңғыры-36
Сахабалардан сыр сыңғыры-36
08.10.2018 11:12
1530
0

Әбу Сируаъа немесе Сәруаъа, Ъуқбә ибни Харис рһ.

Ъуқбә Меккенің фатхы күні немесе фатхтан алдын мұсылман болған.  Мұсылманшылықты көркем жүзеге асыра өмір сүрген кісі. Әбу Сируаъа болса Бәдр соғысынан кейін Мәдиналық Хубәйб ибни Ади рһ-ты Меккеге жақын жерде өлтірген кісі еді. Бірақ Әбу Сируаъа лақабының Ъуқбаға ма немесе бір анадан болған бауырына тиесілі ме деген көзқарастар бар. Не болса да «Мұсылман болу, Мұсылмандықтан бұрынғы қателіктерді өшіреді» хадисі арқылы кешіріліп жарылқанған.

Бұхари, Әбу Дәуід және Термези ол кісіден хадис риуаят еткен. Ъуқба, Абдуллаһ ибниз-Зубәйр рһ-тың халифалығын жариялаған жылдарда қайтыс болған.

Аллаһ ол кісіден разы болғай! 

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 1 том, 380 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

0 пікір