Сахабалардан сыр сыңғыры-35
Сахабалардан сыр сыңғыры-35
04.10.2018 13:51
181
0

Суфиян ибни Абдуллаһ рһа.

Лақаб аты Әбу Әмр немесе Әбу Әмра болған Суфиян, Сақиф тайпасына жататын болғандықтан да әс-Сақафи депте аталады. Сақиф тайпасынан келген елшілермен бірге келіп мұсылмандықты қабылдаған. Омар рһ ол кісіні Тайф қаласына зекет үшін жауапты қызметкер етіп тағайындаған. Суфиян, Арда елшіден бес хадис жеткізген. Ол кісіден балалары Асым, Абдуллаһ, Алқамә, Әмр және Әбул-Хакәм хадис риуаят еткен.

Исламның ең қысқа да нұсқа анықтамасының біреуін осы кісінің сұрағы арқылы үйреніп отырмыз.

Аллаһ ол кісіден разы болғай! 

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 1 том, 367 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір