Сахабалардан сыр сыңғыры-34
Сахабалардан сыр сыңғыры-34
03.10.2018 10:12
1169
0

Үммү Сәләмә рһа.

Құрайыш руынан Әбу Үмәийа Хузайфаның қызы және негізгі есімі Хинд болған Үммү Сәләмә, алғашқы күйеуі Абдуллаһ ибни Әсәд пен Эфиофияға көшті. Ұлы Сәләмә сол жақта туылды. Отбасымен Мәдинаға кері оралды. Күйеуі Абдуллаһ, Ұхуд соғысында жараланып ақыры шаһид болды. Сондықтан Әз елшіге жар болып момындардың аналарының арасынан орын алды.

Үммү Сәләмә анамыз сахабалар арасында білімі, шешендігі әрі артықшылығымен танымал.  Құрметті елшіден 378 хадис риуаят етті. Олар кутубус-ситта да орын алды.

Тоқсаннан асқан шағында хижри 62 жылы көз жұмды. Арда елшінің жұбайларының ішінен ең соңғы қайтыс болған осы кісі. Бақиъ қабіріне жерленген.

Аллаһ ол кісіден разы болғай! 

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 1 том, 359 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір