Сахабалардан сыр сыңғыры-32
Сахабалардан сыр сыңғыры-32
27.09.2018 10:59
1856
0

Әбу Үмәра Бәра ибни Ғазиб рһума

Сахаба баласы сахаба болған Бәра, Мәдиналық әус тайпасынан еді. Хижреттен бұрын Мәдина да мұсылмандықты қабылдаған болатын. Арда елшіге терең сүйіспеншілігі әрі шын бағыныштылығы мен танымал еді. Оның с.ғ.с қылығы әрі іс-қимылдарын әңгімелеуге аса мән беріп, үнемі пайғамбарды үлгі етіп отыратұғын. Мысалы намазда саптардың түп-түзу болуын қадағалап, бұл істің қажеттілігінен әрі артықшылықтарынан жиі-жиі еске сала былай дейтін:

    «Жамағатпен намазға тұрған сәттеріңізде, Әз елші өз қолдарымен кеуделеріміз кейде арқаларымызға көңіл аударып, былайша саптарды түзетіп:

«Саптарыңыз қисық болмасын, содан соң сол қисық-қыңырлық жүректеріңізге сіңіседі» дейтін (Ахмед бин Ханбәл, Мүснәд, IV 304).

Бірде Алла елшісінен сөз етіп жатқан біреу «Арда елшінің жүзі қылыштай жарқылдайды» дейді. Бұл ұқсатуға разы қош болмаған Бәра дереу сөзге араласып:

«Жоға жоқ, Арда елшінің құрметті жүзі ай секілді жарқырайтын» деп шындықты тиесілі бейнеде тілге тиек етеді.

Пайғамбарымыздан 305 хадис жеткізіп, осылардың жиырма екеуінде Бұхари мен Мүслим ортақтасып нақыл еткен.

Бәра жасы кішкентай болғандықтан Бәдр соғысына қатыса алмағанмен Ұхуд соғысынан бастап барлығына қатысқан. Тіпті ол, халифа Омар рһ заманында Рәй фатхына және Тустар соғысынан да қатысқан. Әли халифа тұсында Куфада мекендеп хижри 72 жылында сол жерде дүниеден озған.

 Алла ол кісіден разы болғай! 

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 1 том, 353-354 б.)

Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір