Сахабалардан сыр сыңғыры-30
Сахабалардан сыр сыңғыры-30
14.09.2018 14:19
1403
0

Ади ибни Хатим рһ.

Ади, жомарттықта сөз салтына айналған бір әкенің ұлы еді. Хижри жетінші жылда Таий тайпасы атынан елшілікке Мәдинаға келіп, Әз елші оған аса бір құрмет көрсетіп, тіпті астына төсейтін сырмағын Адиге сыйлаған болатын. Ади рһ-тың жомарттығы жайлы айтылатын әңгімелер де аз емес. Ади және тайпасының мұсылманшылығы ерекше шынайы әрі өте қуатты болатын. Әз елшінің дүниеден озғаны сол еді, бір қанашама арап тайпалары иртидад (діннен шығып) етіп кері кетсе де, Адидің тайпасынан ешбір жан бұлай жасаған жоқ. Тайпасының ішінде зекетін түгелдей есептеп Әбу Бәкір рһ ге ұсынған алғашқы кісі Ади рһ болды. Басқалары да ол кісіге еріп іс қылды.

Ади Мәдайн қаласын фатх еткенде қатысты. Одан кейінгі оқиғаларда Әлидің рһ жағында болды. Жәмәл оқиғасында көзінен айырылды.

Мақтаулы елшіден алпыс алты хадис риуаят еткен. Риуаяттарының алтауын Бұхари мен Мүслим қатар риуаят етсе, үшеуін текқана Бұхари, екеуін жалғыз Мүслим жеткізген. Ұзақ ғұмыр кешкен сахабалар қатарынан орын алатын Ади ибни Хатим, 120 жас шамасында хижри 68 жылында көз жұмды.

Аллаһ ол кісіден разы болғай! 

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 1 том, 329 б.)

Аударған:

Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір