Сахабалардан сыр сыңғыры-3
Сахабалардан сыр сыңғыры-3
14.02.2018 14:31
1671
0

Сахабалардан сыр сыңғыры-1

Сахабалардан сыр сыңғыры-2

Сахабалардан сыр сыңғыры-4

Имам Нәуәуидің Риязус-Салихийн кітабы Түрік тілінде кең көлемде «Риязус-Салихийн  Пайғамбарымыздан өмір өлшемдері» деген атпен шарх жасалып ондағы хадистерде алғаш аталған сахабаның қысқа нұсқа өмірбаяны берілген. Соларды Құдай жазса қалың қауымға пайдалы болар деген мақсатпен ана тілімізге  аударып, беріп отырмақпын.

Жабир б. Абдуллаһ:

Һижраттан 16 жыл бұрын мәдинада туылды. Әкесі Ұхуд жорығында алғаш шәһид болған сахаба Абдуллаһ ибни Амр ибни Харамдүр. Әкесі өмірде болған кезде 9 қарындасына бас көз болу үшін соғыстарға қатыса алмаған-ды. Әкесінің өлімінен кейін Пайғамбарымызбен бірге 19 жорықта болды. Жабир екінші Ақабә антында болған 70 кісілік топтың ең кішкенесі болатұғын.

Пайғамбарымыз Жабирді қатты жақсы көретін. Кей уақыттарда түйесіне міңгестіріп алатын, ауырса көңілін сұрай келетін. Әкесі артына біршама борыш қалдырып шәһид болғаны үшін Жабир бұл борыштарды өтеуде қиыншылыққа тап болды. Көбі яхуди болған алашағы барлар борышын қолма-қол қайтаруын талап етті. Бірақ оның құрма бақшасынан басқа кірісі жоқ болатын. Сол жылы түсім де аз болды. Расул-і Әкрам жиналған құрмаларды үйіп қойдырды. Сосын берекелі қолымен таразыны алып қарыз иелеріне таратып бере бастады. Пайғамбарымыздың бір мұғжизасы болған бұл оқиға Жабирдің барлық борыштары толық өтелгеніндей құрмалардың да еш кемімегені мен белгілі болды.

Затур-риқа жорығынан қайтқан жолда Пайғамбарымыз онымен әңгімелесті. Жаңа үйленгендігін, қаншама қарызы бар екенін білгеннен кейін астындағы түйесін  сатуын қалады. Біраз саудаласып, ақыры Мәдинаға барған соң қолыңызға саламын деген келісім мен Пайғамбарымыз Жабирден түйесін сатып алмақ болды. Жабир түйені табыстамақ болып жетелеп әкелгенде, Расулуллаһ оған берер борышын өтегеннен соң түйесін қайта оған сыйлады. Пайғамбарымыздың бұл теңдессіз жәрдем үлгісі асхабы кирамды қатты толқытты. Бұл оқиға кейіннен түйе түні мағынасында Ләйләтул-бәғир деп аталды. Пайғамбарымыз сол түні Жабир үшін 25 мәрте жарылқау тіледі.

Мыңнан астам хадис риуаят еткендері үшін «муксирун» деп аталған жеті сахабаның бірі болған Жабир қайталанғандары мен қатар 1540 хадис жеткізген. Тікелей өзі Хз. Пайғамбардан естімеген бір хадисті асхабы кирамнан Абдуллаһ ибни Унәйстің білетінінен хабардар болды. Бұл хадис, мазлұмның ақысы болған адамның жәннатқа кіре алмайтыны жайлы еді. Жабир бұл хадисті Пайғамбарымыздан етқұлағымен естіген адамның тікелей өз аузынан естігісі келді. Бірақ бұл сахаба Шам жерінде мекендейтін еді. Жабир тартынбады. Бір түйе сатып алып Мәдинадан аттанды. Бір ай жалғасқан жолаушылықтан соң Шамға жетті және хадисті Абдуллаһ ибни Унәйстен сұрап үйренді.

Өмірінің соңына қарай көздерінен айырылды және 78(697) жылында 94 жасында Мәдинада дүниеден озды. Мәдинада ең соңғы бақиға аттанған сахаба Жабир ибни Абдуллаһ еді.

Алла ол кісіден разы болғай!

 

Жалғасы бар

Аударған:

Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

0 пікір