Сахабалардан сыр сыңғыры-29
Сахабалардан сыр сыңғыры-29
11.09.2018 11:44
225
0

Шәддад ибни Әус рһ .

Сөйлегенде ауызынан бал таматын ашуланғанда ашуын тізгіндей білетін Шәддад рһ, мұсылман отбасының баласы еді. Лақаб есімі Әбу Яълә немесе Әбдуррахман еді. Іліміне мінезі жұмсақтығы жарасқан жан болатын. Ъабид, заһид, жібек мінезді, ақкөңіл ақ жарқын толық бір мұсылман еді.

Пайғамбарымыздан 50 дей хадис жеткізген. Риуаяттары Кутубус-ситтә да орын алған. Хижри 58 жылы 75 жасында Құддыста қайтыс болған.

Аллаһ ол кісіден разы болғай! 

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 1 том, 315 б.)

 

Аударған:

Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір