Сахабалардан сыр сыңғыры-20
Сахабалардан сыр сыңғыры-20
31.07.2018 09:36
156
0

Хаббаб ибни Әрат (рһ)

Лақаб есімі Әбу Яхия немес Әбу Абдуллаһ болған Хаббаб ибни Әрат рһ алғашқы мұсылмандардың алтыншысы болып табылады. Мушриктердің жан-төзгісіз азаптауларына төтеп бере алған жанкешті сахабалардан болатын. Өзі темір ұстасы еді. Тапсырыс алып жасаған қылышының құнын алмаққа мушриктердің атақтыларының бірі болған Ас бин Уайылға барғанында араларында мынандай әңгіме өрбіген болатын.

Ас бин Уайыл:

-         Мұхаммедті жоққа шығармайтын болсаң ақшаңнан көк тиын татырмаймын.

Хаббаб:

-         Сен өлсең, тіпті қайта тірілсең де мен Мұхаммедті әсте жоққа шығармаймын.

Ас бин Уайыл:

-         Қайта тірілген кезде менің ақша-пұл яғни байлығым болады дейсіңдер ғой осы, сол кезде саған ақшаңды қайтарармын.

Хаббаб көптеген мушриктен алған жауаптарының бір үлгісі болған бұл әңгімені Пайғамбарымызға айтты. Осыған орай «... аяттарымызға қарсы келіп: «Маған (ақыретте) әрине, мал-мүлік, ұрпақ беріледі» деген адамды көрдің бе?» (Мәриям сүресі – 77) аяты түскен еді.

Хаббаб тартқан зұлымдықтарының іздерін өле-өлгенше арқалап өтті. Өзі Мәдинаға хижрет еткен соң Бәдрден бастап барлық соғыстарға қатысты. Пайғамбарымыздан 32 хадис риуаят етті. Үш хадисінде Бұхари мен Мүслим ортақтық етіп, екі хадис Бұхари, бір хадисті Мүслим сахихтарында келтірді.

Ол кісі жетпістен асқан шағында Куфа қаласында 37 (657) жылы дүниемен қоштасты.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

Аударған:

Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір