Сахабалардан сыр сыңғыры -2
Сахабалардан сыр сыңғыры -2
12.02.2018 14:43
468
0

Имам Нәуәуидің Риязус-Салихийн кітабы Түрік тілінде кең көлемде «Риязус-Салихийн  Пайғамбарымыздан өмір өлшемдері» деген атпен шарх жасалып ондағы хадистерде алғаш аталған сахабаның қысқа нұсқа өмірбаяны берілген. Соларды Құдай жазса қалың қауымға пайдалы болар деген мақсатпен ана тілімізге  аударып, беріп отырмақпын.

Айша (р.һ)

Хз. Айша, Пайғамбарымыздың жұбайы әрі оның ең жан-жолдасы Хз. Әбу Бәкірдің қызы еді. Айша - сыддиқә деп танылды. Анасы Үммү Руман, Пайғамбарымыздың құрметтейтін бір әйел еді.

Хз. Айша, Пайғамбарымызға пайғамбарлық келгеннен кейін 4 жылдан соң Мекке де туылған. Пайғамбарымыз түсінде бір періштенің 2-3 рет «Бұл сенің жарың» деп Хз. Айшаны көрсеткені бойынша, Пайғамбарымыз онымен Мәдинада, хижраттың екінші жылында үйленді.

Хз. Айша Мәсжиду Нәуәуиге қабырғалас 6 метрлік кішкентей бір отауға келін болып түсті. Отауының есігі мешіттің ішіне қарай ашылатын болғандықтан Пайғамбарымыздың барлық сұхбаттарын, уағыз-насихаттарын түгел еститін. Алғыр зейін, күші есте сақтау қабілеті әрі көркем, шешен сөйлеуі арқылы пайғамбарымыздың ерекше ықыласына бөленген. Сондықтан Пайғамбарымыз онымен әңгімелесуді, соңы келіп бітпейтін сұрақтарына жауап беруден жалықпайтын.

Пайғамбарымыздың үйленген жұбайларының арасында бакира болғаны Айша анамыз ғана болатын. Жұбайлары арасында Хадиша анамыздан кейін оны жақсы көретін.

Расул Әкрам мен 8 жыл отбасын құрған Айша анамыздың еш баласы болмады. Хадисіміздегі Абдулланың анасы мағынасындағы Үммү Абдуллаһ  лақаб есімін оған Пайғамбрымыз қойған еді. Өйткені арабтарда ер демей әйел демей бір лақаб ат тағылатын-ды. «Нағашы әпке-қарындас ана саналады» деген Пайғамбарымыз, оған қарындасы Әсманың ұлы Абдуллаһ б. Зубайр үшін бұл лақабты берген. Пайғамбарымыз оның бөлмесінде дүниеден озғанда Хз. Айша 18 жаста ғана еді.

Түнде тәһажжуд намаздарын оқып, көбінесе ораза тұтатұғын. Жетім-жесірді қорғанына алып өсіріп, кейін оларды жеке отау көтеріп шығаратын.

Қайталанып келгенімен қоса 2210 хадис нақыл еткен Хз. Айша, сахабалар арасында ең көп хадис білетін жеті кісінің бірі еді. Құран Кәрімді қыр-сырымен түсініп әрі тәпсір ететұғын. Араб бәйіттерін және ата тек шежіре әнсаб ілімін де өте жақсы білетін.

Хз. Пайғамбар дүниеден озған соң 47 жыл ғұмыр кешті. Хижраттың 58 жылы, тура Пайғамбарымыз секіліді 63 жасында Мәдинада бақиға аттанды.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

 

(Жалғасы бар)

Аударған:

Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

0 пікір