Сахабалардан сыр сыңғыры-17
Сахабалардан сыр сыңғыры-17
07.06.2018 10:42
1214
0

Суһайби Руми (р.һ)

Суһайби ибни Синан, Суһайби Руми лақабымен танымал болған сахаба. Бала кезінде алдымен Римдіктерге кейін Араптарға тұтқын болған. Мекке де Жәдғаның серіктесі болып жүргенде Аммар бин Ясирден исламды үйреніп дереу мұсылман болды. Иман келтіргені үшін азапқа тап болған алғашқы мұсылмандардан еді. Қолындағы бар-жоғын мүшриктерге тастап Мәдинаға мың бір зорлықпен хижрат жасады. Жетер жетпес ауруға шалдықты. Пайғамбарымыз Мәдинаға келгенде Суһайби жағдайын жайып салды. Пайғамбарымыз оны, «Адамдардың арасында сондай кісілер бар, Аллаһ жолында өз жандарын сатады» (Бақара сүресі – 207) аятын оқыған соң «Уа Әбу Яхия! Сен бұл сауда да зиянға ұшыраған жоқсың!» деп шүйіншіледі. (Хаким, әл-Мустадрак, 3, 398). Құралайды көзге атқан мерген болатын. Пайғамбарымызбен бірге барлық соғыс, жорықтарға қатысты. Хз. Омар пышақталып қастандыққа ұшыраған сәтте, келесі халифа сайланғанша уақытша халифалық қызметін атқарды.

Орта бойлы, қырмызы өңді, өте жомарт болған Суһайбтің тілінде сәл тұтықпа бар болатын.

Бір күні Омар оған:

-         «Ұлың жоқ бола тұра Әбу Яхия лақабымен шақырыласың, Араб екеніңді айтып өте көп датархан жайып қонақ жайлылық танытудасың. Ысырапшы болып саналмайсың ба?» – деп әзілдеді.

Сонда былай жауап қатты:

-         «Маған Әбу Яхия лақабын берген адам Ардақты елшінің дәл өзі. Мен негізі, Мусул уәлаятынан Нәмир ибни Қасыт әулетінен тараймын. Бірақ бала кезімде тұтқынға түсіп жанұям мен жұрағатымды жоғалтып алдым. Абзал елші «Ең абзалдарыңыз дастархан жайып сәлем бергендерің» - дегені үшін көптеп тамақ таратудамын» (қар.з Ахмед б. Ханбәл, Муснад, 1, 16).

Бар қмірін ислам жолында сарф еткен сардар Суһайби Руми, хижраттың 38 жылында 73 жасында қайтыс болып, Мәдинадағы жәннатул-бақиъ қабіріне жерленеді. 

Алла ол кісіден разы болғай!  

Аударған:

Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

0 пікір