САХАБАЛАРДАН СЫР СЫҢҒЫРЫ-146
САХАБАЛАРДАН СЫР СЫҢҒЫРЫ-146
11.12.2019 10:17
979
0

Яғиш ибни Тихфә әл-Ғифари рһума. 146

Яғиш һәм әкесі һәм өзі сахаба болған бақытты жан. Әбу Зәррдің тайпасы болған Бәну Ғифарилық еді. Әкесі Тихфа асхабус-суффадан еді. Өмірі жайлы өнімді мәлімет жоқ болған Яғиш Шам жаққа мекендеген сахабалар қатарынан еді. Риядус-салихинде оның тек осы хадисі келеді. Негізі өзі де көп хадис риуаят етпеген кісі. Онымен қатысты барлық әдебиеттер де мына оқиғаны келтіреді:

-         Бір күні Ардақты елші бір іңген әкеліп сосын:

-         «Мына іңгенді кім сауады?» деп сұрайды. Бір кісі атып тұрып:

-         Мен сауамын дейді. Арда елші оған:

-         Сенің атың кім дегенде, ол:

-         Менің атым Мурра деп жауап береді. Әз елші:

-         Сен отыр дейді. Басқа бір кісі атып тұрады, Аяулы елші оныңда атын сұрағанда:

-         Менің атым да Жәмра дейді. Құрметті елші оған:

-         Сенде отыр дейді. Үшінші бір кісі атып тұрады, Игі елші оған:

-         Сенің атың кім деп сұрағанда, ол кісі:

-         Менің атым Яғиш деген де Ізгі елші:

-         Іңгенді сен сау дейді.

Дана елшінің бұл ісінің сыры, алғашқы екі кісінің атын ұната қоймаунда жатыр. Өйткені ол екі кісінің біріншісінің есімінің мағынасы «ашты», екіншісінікі де «шоқ» еді. Яғиш болса, Өмір сүреді, жасайды мағынасына саятын. Данышпан елші жаһилиядан қалған жағымсыз есімдерді ұнатпайтын және бұларды жақсы мағыналы есім мен ауыстыратын. Өйткені осы Мурра және Жәмра атты сахабалардың аттары ауыстырылғаны риуаят етіледі.

Аллаһ ол кісінің әкесінен әрі өзінен разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 4 том, 357-358  б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір