САХАБАЛАРДАН СЫР СЫҢҒЫРЫ-144, 145
САХАБАЛАРДАН СЫР СЫҢҒЫРЫ-144, 145
03.12.2019 12:05
137
0

Қайс ибни Бишр әт-Тәғлиби рһ. – 144

Қайс ибни Бишр әт-Тәғлиби табиғун табақасына жататын және жеткізген хадистері көп мамандар бойынша қабыл болған Шамдық бір рауи. Хишам ибни Сағд ол кісіден хадис риуаят еткен және сенімді кісі деп танытқан. Ибни Хиббан әл-Бусти секілді жарх және тағдил ғұламасы да оның хадистерін алып риуаят етуде бір қателік жоқ деген. Бірақ кейбір мутәшәддид ғалымдар Қайстың риуаяттарының жағдайы жайлы қарама-қайшылыққа түскен. Имам Мүслим Қайстан хадистерін сахихында келтірген.

Аллаһ ол кісіні өз рахымына бөлегей!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 4 том, 314-315  б.)

Әбул-Мәлих рһ.  – 145

Есімі Әмир немесе Үмәйр ибни Үсәма екені айтылады. Әкесінің аты Үсәма ибни Үмәйр болып сахаба кісі. Ол кісіден текқана ұлы Әбул-Мәлих риуаят жасаған. Әз елшіден риуаят еткен хадистері Кутубус-ситта әрі төрт Сүнән мен Ахмәд ибни Ханбәлдің Мүснәдінде және басқа сенімді хадис әдебиеттерінде келген.

Аллаһ ол кісіні өз рахымына бөлегей!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 4 том, 343  б.)

 

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір