САХАБАЛАРДАН СЫР СЫҢҒЫРЫ-142, 143
САХАБАЛАРДАН СЫР СЫҢҒЫРЫ-142, 143
26.11.2019 11:29
113
0

Әсма бинти Язид әл-Ансәрия рһа.142

Әйел сахабалардың ілгері келетіндерінен еді. Үммү Сәләмә лақабымен танымал. Мұғәз ибни Жәбәлдің нағашы әпекесінің қызы. Ардақты елшіден естіген хадистерді, куә болған қаншама оқиғаларды жеткізіп және риуаяттары сенімді хадис әдебиеттерінің көбінде келген. Ол кісі жеткізген бір хадис мынау: «Кімде-кім Аллаһтың разылығы үшін бір мешіт салса, Аллаһ ол кісі үшін жаннатта бір үй даярлайды» (Ахмәд ибни Ханбәл, Мүснәд, VI, 461). Ол кісіден хадис алғандар арасында Шәһр ибни Хәушәб, Мужәһид, Ысхақ ибни Рашид және махмуд ибни Амр сынды табиғундар бар. Ярмук соғысына қатысып әрі осы соғыста шатырының тіректерімен тоғыз румдықты өлтіргені айтылады.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 4 том, 296-297 б.)

Әбу Журай Жабир ибни Суләйм рһ.143

Жабир, сахаба болып Тәмим тайпасының Хужәй ұлдарына жататын еді. Аты Суләйм ибни Жабир дегендер болса да, Имам Бұхари, Жабир ибни Суләйм деу дұрысырағы деп келтірген. Әбу Журәй тайпасынан бір топпен Ардақты елшіге келген. Өзінің айтуына қарағанда үстінде астары қызылмен тысталған етектері жерге сүйретілген Бахрайн жақта өндірілген бұлдан тігілген бір сырт киімі бартұғын. Әз елшіген:

Уа, Аллаһтың елшісі! Біз шөлде өмір сүретін бір қауымнан боламыз. Аллаһу тағаланың бізге берекелі әрі пайда беретін бір ақыл-кеңес айтып үйретсеңіз, дегені үшін жоғарыдағы хадис уәрид болған. Арда елшінің киімімен қатысты ақыл-кеңес беруінің де осы жерде келу себебі мүмкін оның киім пішінімен де байланысты болуы ықтимал. Жабир ибни Суләйм Басраны мекендеген сахабалардың бірі еді. Оның жеткізген хадистері қос сахихта келмеген. Бірақта Әбу Дәуіт, Термези, Нәса-ійдің сүнәндарында орын алған. Ибни Сирин және Әбу Тәмими әл-Хужәйми ол кісіден хадис нақыл етушілер арасында келеді.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 4 том, 306 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір