САХАБАЛАРДАН СЫР СЫҢҒЫРЫ-140,141
САХАБАЛАРДАН СЫР СЫҢҒЫРЫ-140,141
25.11.2019 10:35
105
0

Әбу Римсәһ Рифәәға әт-Тәмими рһ. – 140

Әбу Римсә сахаба. Әкесімен бірге Құрметті елшінің құзырына келіп мұсылман болған. Есімінен қараған да лақабымен танымал болған. Ал есімі жайлы пікір таластар көп. Сонымен Рифәәға ибни Иәсриби деген атының өте көп таңдалғанын көреміз. Өмірбаяны жайлы әдебиеттерде деректер өте аз. Әбу Римсәһ Ифрикия (Тунус) та қайтыс болды. Оның риуаяттары Әбу Дәуіт, Термези және Нәса-ійдің Сүнәндарында кездеседі. Имам Нәуәуидің Әбу Римсәһ-тан Риядус-салихинде алған тек бір риуаяты осы хадис еді.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 4 том, 287 б.)

 

Әбу Сағид Амр ибни Хурәйс рһ. – 141

Бозбала шағынан сахаба болып, Әз елші дүниеден озған кезде бар жоғы 12 жаста еді. Құрайыш тайпасының Махзумұлдары руына жататын. Бәдр соғысының болған жылы анасы оны Аяулы елшіге апарып дұға етуін өтінді. Мейірбан елші Амрдың басынан сипап рызығы мол, асқан бай сауда-саттығының берекелі болуы үшін дұға жасады. Бір риуаятта ол кісіні ертіп Құрметті елшіге әкелген анасы емес әкесі деп келеді. Әбу Сағид сахабалар арасындағы белді байларына айналды. Кейін Куфаға қоныс аударып және сол жақта алғаш үй салғызған тұңғыш құрайыштық Амр ибни Хурәйс болды. Ақиық лшіден 18 хадис риуаят етті. Оның риуаяттары Ктубус-ситта да кездеседі.

Әбу Сағид Амр ибни Хурәйс 85 (704) жылы Куфа да қайтыс болды.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 4 том, 289 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір