Сахабалардан сыр сыңғыры-13
Сахабалардан сыр сыңғыры-13
11.04.2018 11:08
336
0

Әбу Сағид әл-Худри (р.һ):

Толық аты-жөні Сағид ибни Мәлик ибни Синан әл-Худри. Мәдина қаласында мұсылман бір отбасында өсіп ержетті. Исламмен сәби сәтінен қана-қана сусындады. Мәсжидун-Нәбәуидің салынуында қолғабыс етті. Ұхыд соғысына қанша қатысқысы келген мен Алла елшісі әлі буыны қатпаған баласың деп мақұлдамады. Аяулы әкесінің Ұхыд шайқасында шаһид болғаны үшін өмірдің ащы-тұщысын әбден тартты. Әуелі аштықтан қарынына тас байлауға мәжбур болды. Тағы бірде аштықтан бұралып жатқанда, анасы қоймай пайғамбарымызға жағдайды айтып Ол кісіден жәрдем сұрауға барады. Ардақты елші оған қайыр сұрамағанның Алла абыройын асқақ ететінін, халықтан ешнәрсе дәметпей қолында барына қанағат еткенді бай ететіндігін, сабыр еткенге сабыр сыйлайтынын түсіндірді. Сол күннен соң Әбу Сағид ешкімнен еш нәрсе дәметпеді. Ісі оңалып Мәдиналық мұсылмандардың арасындағы белді бай адамдардың қатарына енді.

Алдымен Хандак-ор соғысына одан соңда он екі рет жорықтарға қатысты. Кей жорықтарда міндет алса, кйбіреуінде қолбасшы болыпта тағайындалды.

Ардақты сахабалардың ішіндегі фиқһ білгірлерінен болғандықтан пайғамбарымыз дүниеден озған соң Мәдинада фатуа айтып білім берумен шұғылданды. Сондай-ақ Әбу Сағид әл-Худри мыңнан астам хадис жеткізуші әрі муксирун деп аталған жеті сахабаның біреуі болып табылады.

  Бір күні Мәдина уәлиі Маруан ибни Хакамның қасынан бір жаназаны алып өтіп бара жатса да, Маруан орынынан тұрмайды. Сонда Әбу Сағид:

«Біз Алла расулімен бірге отырған кезімізде бір жаназа өтті. Алла елшісі дереу атып тұрды» деп хадисті айтқанда Маруан орынынан тұруға мәжбур болды.

Әбу Сағид өзіне келген мәселелерге әз Пайғамбардан естіген бір хадисімен немесе көрген бір ісімен жауап беретін. Осылайша пайғамбарымыздың сүннетінің үмбет арасында білім ретінде әрі іс-жүзінде жайылуына күш жігер танытатындар қатарынан еді.

Әбу Сағид тақуа болумен қатар батыр, өте сабырлы әрі жанкешті жан еді. Жоқ-жітіктерге, жетім-жесірлерге үнемі қол созып, бағусыз қалған балаларды үйіне әкеп бағып-қағып, өсіріп ұясына қондыратын. Хижраттың 74 жылында секесеннен асқан шағында жұма күні көз жұмды.

Алла ол кісіден разы болғай!  

Аударған:

Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

0 пікір