САХАБАЛАРДАН СЫР СЫҢҒЫРЫ-126, 127
САХАБАЛАРДАН СЫР СЫҢҒЫРЫ-126, 127
13.09.2019 11:56
971
0

Әбу Уәйл Шәқиқ ибни Сәләмә рһ.

Куфаның ең әйгілі ғалымдарының біреуі Әбу Уәйл мухадрамун еді. Яғни Арда елшінің уақытында өмір сүріп, бірақ Ол кісіні көру/жолығу бақытына қауыша алмаған жан. Исламды қабылдаған кезінде он жастар шамасында болғаны айтылады. Әбу Бәкір рһ ден басқа үш халифа Абдуллаһ ибни Мәсғуд, Әбу Муса әл-Әшғари, Айша және Әбу Хурайра секілді саңлақ сахбалардан өте көп хадис риуаят жасаған. Терең ілімімен қоса ғажайып көркем мінезі және хас ерекшелігімен танылған Әбу Уәйл хижреттің 82 жылы қайтыс болған.

Аллаһ ол кісіні өз рахымына бөлегей!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 4 том, 124-125 б.)

Аммарибни Иәсир рһ.

Негізінен Иемендік Аммардың лақабы Әбул-Иәқзан болатын. Әкесі Иәсир, жоғалған інісін іздеу үшін Иеменнен Меккеге жетті. Бір Меккелік кісінің күңі Сумәйя мен отау құрып Меккеге орналасты. Осы некеден дүниеге келген Аммар, Ардақты елшіге иман келтірген алғашқы жеті кісінің біреуі еді. Әкесі де мен анасы да алғашқы мұсылмандардан болды. Өздерін қорғайтын туыс-туғандары болмағандықтан құрайыш мушриктерінен қорлықтың қоқайын әбден көрді. Әбу Жәһил өлтірген анасы Сумәйя, Исламның тұңғыш әйел шаһиді болды. Әкесі де тура сол күні шаһид етілді.

Құтты көштен кейін Әз елші онымен Хузәйфа ибни Иәмәнді бауыр етті. Мәсжидун-Нәбәуидің құрылысы барысында оның аянбай еңбектенуін байқаған Аллаһ елшісі «Уах шіркін Аммар! Оны аси бір қауым өлтіреді. Аммар оларды жаннатқа, олар болса оны тозаққа шақырады» деген (Бұхари, Салат 63). Аммар Ардақты елшінің қатысқан барлық соғыстарға қатысты. Омар рһ кезінде Куфа уәлилігін атқарды және әртүрлі аймақтардың фатхында болды. Әли рһ кезінде болған Жәмәл және Сыффин оқиғаларында оның жағында болды. Сыффин да Әлидің жаяу әскерінің қолбасшысы болып жүргенде тоқсан үш жасында шаһид етілді (37/657).

Ешуақытта ешбір намазын қаза етпегендігі айтылған және Ислам тарихындағы алғаш рет үйінің бір бөлімін мешіт етіп жасаған аммар алпыс екі хадис риуаят еткен.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 4 том, 126-127 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір