САХАБАЛАРДАН СЫР СЫҢҒЫРЫ-123, 124
САХАБАЛАРДАН СЫР СЫҢҒЫРЫ-123, 124
11.09.2019 12:04
75
0

Әбу Мәриям әл-Әзди рһ.

Есімінің Амр ибни Мурра болған делінсе де, өмірі жайлы мәлімет жоқтың қасы. Руы әл-жухани депте келеді. Ол кісіден бірнеше хадис риуаят болған Әбу Мәриям, Мұғауияның тұсында 41-60 (661-680) жылдар арасында қайтыс болған.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 4 том, 34 б.)

 

Уәйл ибни Хужр рһ.

Уәйл ибни Хужр Хадрамәут патшасы болатын. Арда елшінің Исламға шақырып жатқанынан хабар ала сала, тәжі мен тағын тастап бір топпен бірге бірден Мәдинаға аттанды. Кенже елші оның исламды қабылдау ниетімен келе жатқанын, Мәдинаға жетпестен үш күн бұрын сахабаларына хабарлады. Уәйл құзырына шыққан кезде Әз елші, оны құрметтеп сыйлайтынын білдіру үшін үстіндегі шапанын шешіп жерге жайды және үстіне онымен бірге жайғасты.

Уәйлдің келгенін естіген құрметті сахабалар Мәсжидун-нәбәуиде жиналып қалған соң, Ардақты елші Уәйлді қасына алып бір уағыз айтты. Оның Иеменнің Хадрамәут аймағының ешбір нәрсесіне қызықпай, тек мұсылман болмақшы болып келген қалауын мақтады және ол кісіге батасын берді. Уәйл біраз Мәдина да болған соң Данышпан елші тарапынан Хадрамәутқа әкім болып тағайындалды.

Кейін Куфада мекендеді, Сыффин де Әли рһ дің жақтасы болған Уәйл ибни Хужр 71 хадис нақыл еткен. Мұғауияның дәуіріне дейін өмір сүргені мәлім.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 4 том, 57-58 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір