Сахабалардан сыр сыңғыры-121
Сахабалардан сыр сыңғыры-121
03.09.2019 08:23
133
0

Сағб ибни Жәссәмәһ рһ.

Анасы Әбу Суфиян ибни Харбтың қарындасы Фахитә-дүр. Сағб жау жүрек сахабалардан еді. Хунәйн соғысында көрсеткен жанкешті ерлігін еш ұмытпаған Ақиық елші ол жайлы «Сағб болмағанда жауынгерлер шаршайтын еді» дегені айтылады. Кейінде Сағб Иранның және басқа фатхтарға қатысқан.

Сағб Мекке мен Мәдина жолының үстіндегі Уәдданда отыратын. Аталмыш хадистің басқа нұсқаларында оның Әз елшіге Уәдданда немесе одан сәл алыс жердегі Әбуа да жабайы есекті сыйлағаны айтылады. Дана елші ансар мен мухажирлерді бауыр етіп жариялағанда ол кісіні Ауф ибни Мәликпен бауыр еткен еді.

Игі елшіден он алты хадис риуаят еткен Сағб ибни Жәссәмәһ Осман рһ ның халифалық тұсында ұайтыс болды. Одан бұрын қайтыс болған дейтіндер де бар.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 3 том, 551 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

0 пікір