Сахабалардан сыр сыңғыры-120
Сахабалардан сыр сыңғыры-120
07.08.2019 15:28
247
0

Әбу Рифәға әл-Ғадәуи рһ.

Әбу Рифәғаның шын есімі Тәмим, әкесінің аты Үсәйд немесе Әсид еді. Бәни Ғади тайпасынан болғандықтан әл-Ғадәуи деп аталатын. Ол кісінің қай жылы мұсылман болғаны беймәлім.

Әбу Рифәға, Бақара сүресін Әз елшіден үйренгенін әрі оны қайтіп еш ұмытпағанын айтатын. Өте көп намаз өтейтін, «Түні бойы намаз өтесемде белім еш талмайтын» дейтін.

Арда елші дүниемен қоштасқан соң Басраға мекендеді. 44 (664) жылы Сижистан фатхына қатысты. Бір түні қарауыл әскерімен бірге анықтау міндетіне шыққан кезде дұшпандар тарапынан шаһид болды. Әрдайым дұға еткен де: «Уа Аллаһым! Өмір сүру мен үшін қайырлы боса өмір сүруді, ал олай болмаса басқалар қызығатындай өлім нәсіп ет!»дейтұғын.Ақыры сол дұғасы қабыл болып осы дүниеден озды.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 3 том, 517-518 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

 

0 пікір