Сахабалардан сыр сыңғыры-118,119
Сахабалардан сыр сыңғыры-118,119
05.08.2019 14:06
160
0

Ғияд ибни Химәәр рһ. 118

Тәмим тайпасына жататын Ғияд жайлы көп мәлімет жоқ. Басра да өмір сүріп Игі елшіден отыз хадис риуаят еткені белгілі. Ибни Хажар, кейбір фиқһ білгірлерінің жалпы кісіге Химәәр деуге болмайды дегенді алға тартып әкесінің есімін басқаша түрде оқуға тырысқанын, бірақ дұрысы осылай екендігі ең турасы осы деген.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 3 том, 507 б.)

Әсуәд ибни Язид рһ.119

Куфалық Әсуәд ибни Язид ән-Нәқағи фиқһ, хадис және қираат ілімдерінде терең табиғундардан болады. Муғаз ибни Жәбәл мен Абдуллаһ ибни Мәсғуд тан өте көп біліммен сусындап, Әбу Бәкір, Омар, Әли сынды саңлақ сахабалардан риуаят жасаған.

Табиғун нәсілінің алға оза шапқан сегіз заһидтерінің біреуі болған Язид, Құран Кәрімді өте көп оқитын. Рамазан айында екі күнде бір рет, басқа уақыттарда алты күнде бір рет хатм жасайтын. Ақшам мен құптан арасында ұйықтап, намаз өтеп ораза тұтудан және әр жыл сайын хажылыққа барудан ерекше ләззат алатын. Һәм жаөилия һәм Ислам кезеңіне қауышқаны үшін мухадрамун саналатын Әсуәд 75 (694) жылы Куфада қайтыс болды.

Аллаһ ол кісіні рахымына алғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 3 том, 515 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір