Сахабалардан сыр сыңғыры-115, 116, 117
Сахабалардан сыр сыңғыры-115, 116, 117
02.08.2019 09:41
234
0

Нәууас ибни Сәмған рһ.115

Әдебиеттерімізде Нәууас жайлы толық дерек жоқ. Мәдиналық болып Мәсжидун-Нәуәуиде қонып жатып жүрген асхабус-суффа арасында болғаны және одан кейін Сирияға барып мекендегені белгілі болуда. Әкесі Сәмған, тайпасы атынан Әз елшіге келгені, келген кезінде бір жақ таға алып келгені айтылады. Ол кісіден 17 хадис риуаят болған.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 3 том, 475 б.)

 Уәбисаһ ибни Мәғбәд рһ. 116

Бәну Әсад руынан болған Уәбисаһ жайлы көп мәлімет жоқ. Хижреттің тоғызыншы жылында он екі кісілік бір топпен өз руын жауаптанып Құрметті елшіге келіп мұсылман болған соң кері оралады.

Соңында Куфа және Раққа да өмір сүрген Уәбисаһ Ақиық елшіден он бір хадис риуаят етті. Өте сезімтал және көз жасы көл болатын бір адам болатын. Раққа да қайтыс болғаны білінуде.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 3 том, 477 б.)

 Ғәтйия ибни Ғуруә әс-Сағди рһ. 117

Әз елшімен өте аз жолыққан Ғәтйия жайлы да дерек жоқтың қасы. Ардақты елші дүниеден озған соң Сирия да өмір сүргені айтылуда. Ол кісіден 3 хадис риуаят болған.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 3 том, 488 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір