Сахабалардан сыр сыңғыры-114
Сахабалардан сыр сыңғыры-114
01.08.2019 12:09
217
0

Бурайдә ибни Хусәйб рһ.

Бурайдә, Ақиық елші Мәдинаға хижрет етіп келе жатқанда мұсылман болған. Ол күндерде Меккелік мушриктер Арда елшінің ізіне түсіп, Оны өлі немесе тірі ұстап әкелген кісіге қомақты сыйлықтар уәде етіп жар салып жатқан еді. Әз елшімен Әбу Бәкір рһ Әсләм тайпасының жерінен өтіп бара жатқанда Бурайдә алдарынан шықты. Тайпаның көсемі болғандықтан жерінен өткендерді сұрастыруға тергеуге ақысы бар еді. Ізгі елшінің сөз сөйлеуі Бурайдәға қатты әсер берді. Дереу сол жерде адамдарымен бірге мұсылман болды әрі бәрі бірге Арда елшінің артына ұйып намаз өтеді.

Бурайдә Ақиық елшіге біреу қастандық жасауы мүмкін деп Оны жалғыз тастамады әрі Мәдинаға туы жоқ кіруіне де көңілі толмай басынан сәлдесін алып шығып найзасына ту етіп қадады.

Кейін Мәдинаға көшіп кеп қоныстанған Бурайдә, Бәдр және Ұхуд соғыстарынан басқа, Ардақты елшімен бірге он алты жорыққа қатысты. Осылардың кейбіреуінде тыңшылық міндетін және жол сілтеуші секілді маңызды қызметтер атқарды. Мекке фатхында Әсләм тайпасының екі туының біреуін желбіретті. Әз елші өзі жасақтаған Үсәмә жасағының да ту ұстары сол кісі еді. Игі елшімен бірге шыққан бір жорықта аялдап ат суытқан жерінде бір нәрселер қалып қойған болатын. Ізгі елші ол нәрсені Бурайдәнің арқасына салып, оған, қанекей жүктік атан түйе деп әзілдеген болатын. Бурайдә бұл естелікті жиі-жиі есіне алатын.

Бурайдәнің ең үлкен күнәм деп көз жасын көл ететін Хайбар фатхы күнінде жүзеге асқан бір жағдай еді. Хайбар қақбасы қаншама күн қоршауға алынып ақыры қорғаннан бір екі тесік ашылып, сол жерден ішке қарай кіргендердің біреуі де Бурайдә болатын. Бірақ сол кезде Бурайдәнің үстінде қып-қызыл бір киімі бар болатын. Осы киімімен елдің көзіне бірден түскенін ойлап, қарапайымдылыққа қайшы көрген бұл ісінен қатты ұялып қиналатын.

Одан кейінгі кездерде Бурайдә соғыстардан еш қалмады. Алпыс үшінші (682) жылы қайтыс болды. Хорасан аймағында ең соңғы қайтыс болған сахаба осы кісі еді.

Ол кісі Әз елшіден 164 хадис риуаят етті.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 3 том, 454-455 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір