Сахабалардан сыр сыңғыры-105, 106, 107.
Сахабалардан сыр сыңғыры-105, 106, 107.
22.07.2019 10:31
166
0

Халид ибни Омар әл-Ғадәуи. рҺ. - 105

Әкесінің есімі Омар емес, Ғумәйр. Қалай екенін кім білсін Имам Нәуәуи ол кісіні Омар деп жазып қалдырған. Табиғун табақасының алдыңғы қатарлы сенімді рауилерінен еді. Кей әдебиеттерде ол кісінің һәм жаһилия дәуірін һәм ислам дәуірінде өмір сүріп, Ақиық елшіні көру мүмкіндігі болмаған мухадрамдар қатарына жатқызады. Ол кісінің мухадрамун қатарынан емес екендігі жайлы қанағат ең турасы әрі дұрысы. Халид ибни Ғумәйр Басралық. Осы жерде бір мысалын көргеніміздей Басра әкімі болған және құрметті сахабалардың алдыңғы қатарында келетін Ғутбә ибни Ғаузаннан риуаяты бар.

Аллаһ ол кісіні рахымына алғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 3 том, 260 б.)

Ұбәйдуллаһ ибни Михсән әл-Әнсари рһ. - 106

Ұбәйдуллаһ ибни Михсән, әл-Әнсари деуден де түсінікті болғанындай ансардан яғни Мәдиналық бір сахаба. Арда елшіден жеткізген тек жалғыз хадисі осы. Өзінен баласы Сәләмә риуаят еткен. Ибни Абдилбәрр, Сәләмәнің де сахаба болуы ыхтимал дейді. Олай бұлса аталмыш оның риуаяты сахаба болып мүрсәлі саналады. Бірақта ол кісіні табиғун табақасына жатқызушылар саны басымырақ. Әдебиеттерімізде Ұбәйдуллаһ ибниМихсәнжайлы басқа мәлімет бермейді.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 3 том, 284 б.)

Фәдалә ибни Ғубәйд әл-Әнсари рһ. – 107

Фәдалә, Мәдиналық сахабалардан болып Әус тайпасына жататын. Лақаб аты Әбу Мұхаммед еді. Худәйбияда ағаштың астында Ардақты елшіге бәйғат берген Ридуан жолдастар арасынан болып табылады. Аяулы елшімен бірге қатысқан соғысы Ұхуд соғысы болатын. Одан кейінгі барлық соғыстарға қатысты. Солан соң Мысыр әрі Шам фатхтарына қатысты. Шамда мекендеп және Мұғауияның Дамаск қазылығын жасады. Одан кейін Мұғауия оны бір әскер қолбасшылығына тағайындады әрі Румдықтарға теңіз бойынша соғыс ашты. Фәдаләдан елу хадис риуаят етілген. Ол кісі 53 (673) жылы Дамаскда қайтыс болған.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 3 том, 287 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір