Сахабалардан сыр сыңғыр-71,72,73,74,75,76
Сахабалардан сыр сыңғыр-71,72,73,74,75,76
01.04.2019 14:14
871
0

Абдуллаһ ибни Зәмға рһ – 71

Анасы Арда елшінің жұбайы Үммү Сәләмәнің сіңілісі Қарибә (немесе Қурәйбә) еді. Сондықтан Абдуллаһ Ақиық елшіге жақын сахабалардан болатын. Мәдина да мекен еткені және ол кісіден бірнеше хадис риуаят етілген. 35 (655) жылы Осман рһ шаһид болған кезде ол кісіде жан тапсырған. Басқа еш мәлімет жоқ.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 2 том, 320 б.)

 

Амр ибни Ахуәс әл-Жушәми рһ – 72

Амр Қоштасу қажылығында болғаны және Омар рһ тұсында Ярмук соғысына қатысқаны белгілі. Ол кісіден ұлы Сүлейман жолымен бірнеше хадис жеткен. Бұл хадистер Кутубус-Ситтаның төрт әйгілі Сүнәнін де орын алған. Өмірі жайлы мәлімет аз.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 2 том, 326 б.)

 

Мұғауия ибни Хайдәһ рһ - 73

 

Мұғауия Басралық еді. Ардақты елшіге өз тайпасы атынан өкіл боп келген. Хорасанның фатхы үшінгі жорыққа қатысып және сол жерде көз жұмды. Басқа мәлімет жоқ.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 2 том, 328-329 б.)

Іияс ибни Абдуллаһ ибни Әбу Зүбәб – 74

 

Бұл кісінің Дәус тайпасынан екендігі айтылады. Мекке де өмір сүрген. Бірақ сахаба ма, немесе табиғун ба деген мәселе бар. (Әбу Дәуід және ибн Мәжаның Сүнәндарын да келген бір хадисін Имам Нәуәуи) алғаны үшін осы мәлімет беріліп отыр.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 2 том, 333 б.)

 

Талқ ибни Әли рһ – 75

Талқ және жолдастары Иәмама елінен бір топ болып Ақиық елшінің жанына келген еді. Барлығы бірден мұсылманшылықты қабылдап тура жолға түскен болатын. Біраз уақыт Құрметті елшінің қасында болып артында намаз өтеп және Ол кісіден Исламды үйреніп білім алды.

Талқ ибни Әлидің бізге берген мәліметіне қарағанда, олар елдеріне Ардақты елшінің дәрет алған суын әкетуді қалайды. Сол кезде арда елші бір елеген дәрет суын әкелуін қалады. Дәрет алды және денесінен аққан суды бір ыдысқа құйып оларға берді де былай деді:

-         «Енді елдеріңе оралыңдар. Ол жаққа барған соң шіркеуді құлатыңдар. Жұртына мына суды сеуіп сосын сол жерде мешіт соғып қолданыңдар» деді.

Олар сонда:

-         Уа Аяулы елші, ауа райы өте ыстық, еліміз де тым алыс. Барғанымызша бұл су, буланып азайып қалады ғой деді.

-         Оған су қосыңдар; тіптен тамаша болады деді.

Елдеріне оралған соң шіркеуді құлатып, Арда елшінің дәрет алған суын сеуіп мешіт тұрғызды. Намаздарын сонда жалғастырды.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 2 том, 347 б.)

 

Омар ибни Әбу Сәләмә рһ - 76

Әбу Хафс Омар ибни Әбу Сәләмә, Үммү Сәләмә анамыздың Ардақты елшіге үйленбестен бұрынғы күйеуі Әбу СәләмәАбдуллаһ ибни Абдул-Әсәдтен болған баласы. Омардың әкесі Әбу Сәләмә Аяулы елшінің апайының ұлы және сүт бауыры болатын. Әйелімен бірге хижреттің төртінші жылында Эфиофияға хижрет еткен болатын. Омар екі жылдан соң сол жақта туылды.

Әбу Сәләмә қайтыс болған соң, Арда елші Үммү Сәләмә мен үйленіп ол кісіні және төрт баласын қамқорлығына алды. Бұл төрт баланың біреуі Омар еді. Міне өзі оны: «Мен Аллаһ елшісінің қамқорлығында өскен бір бала едім» дегенін де айтпақшы болғаны сол қайран тәтті жылдарды меңзейтін.

Ізгі елшіден он екі хадис жеткізген Омар, Әли рһ дәуірінде Бахрәйн әкімі болды. 83 (702) жылы Мәдина да қайтыс болды.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 2 том, 383 б.)

Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

 

0 пікір