Сахабалардан сыр сыңғыр-21
Сахабалардан сыр сыңғыр-21
03.08.2018 11:15
536
0

Сүлейман ибни Сұрад .рһ

Бұл кісі Сүлейман ибни Сұрад әл-Хузағи Аллаһ ол кісіден разы болсын Исламнан бұрыңғы есімі Ясәәр болатын. Пайғамбарымыз тікелей өзі Ясәәр есімін Сүлейман деп өзгерткен еді. Сүлейман ибни Сұрад ерекше көркем мінез иесі, құлдыққа құлшынып енген және жұрты жағынан сүйілген сыйлы адам болатын. Куфа қаласы салына салып сол жерге алғаш мекендегендердің біреуі еді. 93 жасында хижреттің 65 жылындағы Айнул-уәрдә  соғысында өлтіріліп әрі басы Мәруан бин Абдулмәликке әкелінген болатын. Арда елшіден 15 хадис риуаят еткен-ді. Хандәк соғысы күнгі алды-артына қарамай тырым-тырақай қашқан мушриктер жайлы пайғамбарымыздың алдағы уақытта мұсылмандардың болашағы жарқын болатыны жайлы «Осыдан кейін осылайша біз мушриктерге шабуыл жасаймыз, олар бізге емес!.. Кезек бізде» (Бұхари, Мәғази 29) деген хадисті де осы Сүлейман ибни Сұрад рһ жеткізген.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 1 том, 264-265 б.)

 

Аударған:

Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

0 пікір