Сахабалардан сыр сыңғыр-12
Сахабалардан сыр сыңғыр-12
05.04.2018 13:48
541
0

Зирр ибни Хубайш (р.һ)

Аталмыш хадисті сахаба Сафуан ибни Ассалдан жеткізген Зирр, шөлде өмір сүретін бір қыр адамы болатын. Жаһиллия кезінде одан соң ислам кезеңінде өмір сүрседе Пайғамбарымыз бен жолығып сұхбат құрмаған болатын. Бірақта Омар, Осман, Әли, Үбәй б Каьб сынды барлығынан Алла разы болғай саңлақ сахабалармен жолығып олардан хадис риуаят еткен.

Зирр ардақты сахабалармен жолығу үшін Мәдинаға келген кезде жоғарыдағы хадисіміздің рауиі болған  Сафуан ибни Ассал мен кездесті және оған Расулі-Әкрамды көріп-көрмегені жайлы сұрайды. Ол да пайғамбарымызбен бірге он екі жорыққа қатысқанын айтты.

Мұсылман болған соң өмірі түбегейлі өзгерген Зирр ибни Хубайш, хадис ілімі мен Қираъат ілімдерінде толағай-теңіз еді. Сиқа – сенімді - бір мухаддис болатын. Жеткізген хадистері Алты әйгілі хадис кітабының ішінде жолығады.

Әдебиеттерімізде Зирр әрі Сахаба Сафуан ибни Ассалдың өмірбаяндары жайында мәлімет өте сирек. Зирр хижраттың 82 жылында 120 жасында қайтыс болды.

(Омар, Осман, Әли, Үбәй б Каьб сынды барлығынан Алла разы болғай саңлақ сахабалармен жолығып олардан хадис риуаят еткені үшін белді Табиғун болып саналады Ә.Б).

Алла ол кісіні рақымына бөлегей!

Аударған:

Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

0 пікір