Сахабалар деп кімдерді айтамыз?
Сахабалар деп кімдерді айтамыз?
30.08.2019 10:17
1965
0

Сахабалар деп кімдерді айтамыз? Сахабалардың анықтамасы жайлы түрлі пікірлер бар. Бірақ хафиз Ибн Хажардың анықтамасын барлық ғалымдар түгел мойындаса керек. Оның пікірінше,

сахаба деп Алла елшісін (с.ғ.с.) көзімен көріп, оған аз уақыт болса да жолдастық етіп, Оның (с.ғ.с.) сөздерін тыңдаған және сол сертінен таймай жан тапсырған адамдарды айтамыз.

Тағы бір ғалымдар Алла елшісінің (с.ғ.с.) құзырындағы рухани «ауаны» бір рет болса да жұтқан, жаны мен жүрегіне ерекше сезімдер құйылған және уәделеріне берік болып өтіп кеткен мүминдер сахабаларға жатады. Ендеше, иманнан, діннен нәсібі жоқ адам ардақты Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) бір емес, мың рет көрсе де, ол сахаба саналмайды.

0 пікір