Сахабалар да әзілдеді
Сахабалар да әзілдеді
20.11.2015 10:15
4088
0

• Пайғамбарымыздың (саллаллаһу ‘әлейһи уәссәләм) дүниеден озарынан бір жыл бұрын болған бір оқиға: Хазіреті Әбу Бәкір Нұғайман мен досы Суайбитпен (радыйаллаһу ‘әнһум) бірге сауда жасауға Бусраға барады. Нұғайман қарны ашқан соң заттардың қасында қарауылдауға тастап кеткен Суайбиттің қасына келіп, жейтін тамақ сұрайды. Бірақ Суайбит «Әбу Бәкір келмей бере алмаймын» дейді. Нұғайман бұған ашуланып: «Алланың атымен ант етемін! Қара да тұр, сені де ашуландыратын бір нәрсе жасаймын!» деп кетіп қалады. Сөйтеді де базардағы түйе саудагерлеріне барып: «Шебер, епті, іскер бір құлым бар, сатып аласыңдар ма? Бірақ, көп сөйлейтін біреу, сіздерге «мен азат адаммын» деп өтірік те айтуы мүмкін. Ал егер құлды көруге барып тұрып, алмасаңыздар, онда бостан босқа құлым мен менің арамызды бұзбай-ақ қойыңыздар», – дейді. Олар да: «Жоқ, оны он түйеге сатып аламыз», – деп түйе саудагерлері сол жерде келіседі. Нұғайман болса он түйесін байлап, саудагерлерді Суайбитке алып барып, «міне, құлым осы» деп көрсетіп береді. Суайбит айтқанындай «ол өтірікші, мен азат адаммын» дей бастайды. Сатып алушылар да «Иең сенің мұндай әдетің барын айтқан» деп оған сенбей, жіпті мойнынан өткізіп, алып кетеді. Біраз уақыттан кейін Әбу Бәкір де келіп, Суайбиттің қайда кеткенін сұрайды. Нұғайман жағдайды баяндап береді. Әбу Бәкір дереу он түйені алып, сатып алған саудагерлерден Суайбитті кері қайтарады. Сапардан қайтқаннан кейін бұл жағдай Пайғамбарымыздың құлағына жетеді. Пайғамарымыз бен сахабалар Нұғайманның бұл қылығына бір жыл бойы күледі.

• Бірде Хазіреті Омар (радыйаллаһу ‘әнһу) намазын тез-тез әрі қысқа ғана қайыра салып: «Уа, Раббым! Мені Жәннаттың қор қыздарына үйлендіре гөр!» – деп дұға жасап жатқанын естіп қалады да: «Ей адам! «Қалыңдығын» аз төлейсің, есесіне көп cұрайсың, ә?!» – деп қалжыңдайды.

0 пікір