РӘШИД ХАЛИФАЛАРДЫ ЖАҚСЫ КӨРУ
РӘШИД ХАЛИФАЛАРДЫ ЖАҚСЫ КӨРУ
08.09.2021 11:32
561
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «(Адамдар арасында) Құрмет – мүлік (дүние арқылы). (Алла дәргейінде) Қадір – тақуалық (Тақуалық арқылы). («Сүнән ибн Мажа»)

Рәшид халифалар (төрт халифа) сахабалар арасында өте қадірлі кісілер. Олардың кейбірі Пайғамбарымыздың саллаллаһу алайхи уә сәлләмнің қайнатасы болса кейбірі күйеу баласы еді. Барлығы Пайғамбарымыздың көмекшісі болған. Абзалдығы мен сипаттары төмендегідей баяндалған:

Әбу Бәкір (р.а.) күн сияқты, Омар (р.а.) ай сияқты, Осман (р.а.) үркер жұлдызы сияқты, Әли (р.а.) шолпан жұлдызы сияқты. Жеміс күнмен пісіп, аймен түске боялады. Үрке арқылы дәмі кіріп, шолпан жұлдызы арқылы пәлекеттен аман болады. 

Ислам Әбу Бәкірдің (р.а.) иманымен орын тапты, Омардың (р.а.)  иманымен әшекейленді, Османның (р.а.) иманымен хош болды, Әлидің (р.а.) иманымен дұшпанның бәлесінен аман болды.

Әбу Бәкір Исламның тәжі, Омар (р.а.)  қадірі, Осман (р.а.) нұры, Әли (р.а.) Исламның мақтанышы.

Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.у.) әлем, Омар (р.а.) айбындылық, Осман (р.а.) дирхам, Әли (р.а.) қалам еді. 

Әбу Бәкір (р.а.) ариф (Алланы таныған), Омар (р.а.) әділ, Осман (р.а.) ақылды, Әли (р.а.) ғалым еді.

Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) сидқу сафа (турашыл және амандық), Омар (р.а.) құдіретті және қайсар, Осман (р.а.) қолы ашық және жомарттық, Әли (р.а.) айбарлы және батыр еді. 

Әбу Бәкір (р.а.) тақуа, Омар (р.а.) таза ниетті, Осман (р.а.) зерек, Әли (р.а.) опалы еді. 

Кім Әбу Бәкірді (р.а.) жақсы көрсе Жаратушысы жар болады. Кім, Омарды (р.а.) жақсы көрсе ісі алтын сияқты құнды болады. Кімде-кім, Османды (р.а.) жақсы көрсе сауабы есепсіз болады. Кім, Әлиді (р.а.) жақсы көрсе қайтарымы жұмақ пен дидар болады. Ал кімде-кім бұларды жақсы көрмесе жазасы тозақ пен от болады. Алла Тағала оны азаптайды. 

 

 

 

 

 

0 пікір