Қабірдегілер жауап бере алса...
Қабірдегілер жауап бере алса...
03.11.2019 14:22
3870
1

Хазіреті Әли (оған Алла разы болсын) бір күні серіктерімен бірге зират басына келіпті.

Ондағыларға:

"Әссәламу әлейкум, қабірдегілер! Сендерден кейін үйлеріңе басқа біреулер қоныстанды. Дүние-мүліктеріңді балаларың бөліп алды. Әйелдерің басқа біреулерге тұрмысқа шықты. Бұл біздегі жаңалық. Сендердің хабарларың қандай?", - дейді. 

Сосын жолдастарына бұрылып:

"Егер олар жауап бере алса: «Алладан өзге құлшылыққа лайықты Тәңір жоқ» деген сөз – дүние мен ақыреттегі ең абзал іс екен", - деп айтар еді" деген екен.

1 пікір