Перғауынның әйелі – Әсия
Перғауынның әйелі – Әсия
07.12.2017 11:54
898
0

Перғауынның әйелі Әсия жасырын иман еткен еді. Бұны Перғауын біліп қойғанда, оны күштеп дінінен қайтарудың амалдарын жасады. Әсия көп қорлық көрсе де шыдамдылық танытады. Сондай бір қиналған кезінде қасына келген Мұса пайғамбардан (ғ.с.):

 «Әй, Мұса! Айтшы, Раббым маған разы ма, жоқ әлде ашулы ма?» – деп сұрайды.

Мұса пайғамбар (ғ.с.) оған:

 «Әй, Әсия! Жеті қабат көктің періштелерінің бәрі қазір сенің жолыңды тосуда. Бәрі сені сағынышпен еске алуда. Ұлы Алла сені мақтан тұтуда. Қалаған нәрсеңді маған білдір, міндетті түрде орындалады», – деп жауап береді. Сол кезде Әсия мына дұғаны айтқан деседі.

 Ол Құранда білдірілген:

«Уа, Раббым! Жаннатта маған өз қасыңнан бір үй тұрғыза гөр! Мені Перғауыннан және оның амалынан құтқар! Мені залымдардың тобырынан құтқара гөр!»[1]

Әбу Һұрайраның (р.а.) риуаятынша, Перғауын Әсияны төрт қазыққа кергізіп, үстіне диірмен тасымен бастырып, ыстық құмда жазалайтын. Салман Парсының (р.а.) айтуынша, жәбірлеушілер кетісімен, Алланың әмірімен періштелер қанаттарымен оған көлеңке түсіріп, жаннаттағы үйін көрсетіп қуантатын.

 

[1] «Тахрим» сүресі, 11-аят

0 пікір