ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (С.А.У.) ДІНГЕ ШАҚЫРУЫ
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (С.А.У.) ДІНГЕ ШАҚЫРУЫ
07.10.2021 09:41
323
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Жиһад төрт мәртебе; Мағруфты (діннің әдемі санағанын) бұйыру, мүнкәрдан (діннің бұрыс көргенінен) тыю, сабыр қажет еткен жерлерде дұрыстан айнымау, азғындарды (күнәсінің кесірінен) жек көру, жау болу». (Мүнәуи, «Фәйз ул-Қадир»)

Абдулла ибн Аббастан (р.а.) былай жеткен: «Хабибім, ең жақын қауым мен руды (Алланың азабымен) қорқыт» деген мағынадағы (Шұғара сүресі, 214 аят) аят түскенде Расулулла (с.а.у.) үйінен шығып, Сафа тауына және үйілген тас үйіндісінің жанына барды. Биік жартастың үстіне шықты. Сосын «Уа, Құрайш! Мұнда келіңдер, жиналыңдар! Үлкен жұмысқа жолықтыңдар» деп дауыстады». Құрайш тайпаларын Уа, Фахри ұрпақтары! Уа, Адии ұрпақтары! (Уа, Абдуманаф ұлдары, уа Абдулмұтталип ұлдары) деп жеке-жеке шақыра бастады.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұл шақыруын естігендер бір-біріне: «Бұл жар салған кім?» деп сұрады. Сосын бір-біріне: «Мұхаммед қой» деп жауап берді. Әбу Ләһәбпен бірге барлығы келіп Пайғамбарымыздың (с.а.у.) айналасына жиналды. Бара алмағандар бұл шақырудың мәнін түсіну үшін адам жіберді. Сосын Пайғамбарымыз (с.а.у.) жалпыға қарап: «Уа, Құрайш жамағаты! Алладан өздеріңді (ғибадат, құлшылық арқылы) сатып алып (Оның азабынан) құтылыңдар. Бұл азаптан құтылуларың үшін мен Алла тарапынан берілген ешбір құдіретке ие емеспін» деді.

Осы жалпыға айтылған сөзден кейін Құрайш руларын жеке-жеке аттарымен атап сол ескертуді айтты. Сосын: «Уа, Құрайш жамағаты! Мен сендерге мына таудың етегінде немесе мына аңғарда дұшпан аттылары бар. Сендерге шабуылдайды десем сенесіңдер ме?» деп сұрады. Олар: «Иә, сенеміз! Өйткені сенің тек ақиқатты айтатыныңды тәжірибемен көрдік. Өтірік айтқаныңды еш көрмедік» деді.

«Онда мен сендерге алда ауыр азап күні бар екенін, мүжримдер ол уақытта азапталатынын хабар берушімін және ол азаптан сендерді тыюға міндеттімін» деді. Сосын:

«Уа, Құрайш жамағаты! Менімен сендердің ұқсастығымыз мынаған ұқсайды: Ол адам жауды көріп отбасына мұны хабарлап олардың жау шабуылынан құтқару үшін отбасына жүгіреді. Дұшпанның өзінен бұрын отбасына баруынан қорқып «Жау шапты» деп айқайлай бастайды.

0 пікір