ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ САХАБАЛАРЫНА НАРАЗЫЛЫҚ КӨРСЕТУГЕ БІЗДІҢ ШАМАМЫЗ ЖЕТПЕЙДІ
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ САХАБАЛАРЫНА НАРАЗЫЛЫҚ КӨРСЕТУГЕ БІЗДІҢ ШАМАМЫЗ ЖЕТПЕЙДІ
10.12.2021 11:23
232
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Расында, менің сахабаларым тамақтың тұзына ұқсайды. Өйткені тамақ тек тұзбен ғана сақталады». (Қузаи, Мүснәд уш-шиһаб)

Имам Раббани (қ.с.) заманында өмір сүрген біреу Муғауияны (р.а.) жақтырмай, жауығып жүреді екен. Бір күні Имам Раббанидің (қ.с.) Мәктубат кітабын парақтап отырып, Муғауияның жақсы қасиеттері сөз болған жерді көреді. Мұны жақтырмай Мәктубатты жерге лақтырып тастайды. Түнде түсіне Имам Раббани кіреді және оның құлағынан ашумен ұстап:

“Әй, жәһил! Сен біздің айтқандарымызға наразысың ғой! Егер біздің сөзімізге сенбесең, сені Алидің (к.у.) алдына апарайын” деп, күштеп жағасынан алып Алидің алдына апарады. Алдында тұрған күйінде:

“Уа, құрметті Имам! Муғауияға арналған мақтау сөзіме наразылық көрсетіп мынау менің кітабымды жерге лақтырады. Осыған қатысты дұрысын айтыңыз” дегенде, Али (к.у.) әлгіге қарап:

“Абай болыңдар, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сахабаларының ешбіріне жаулық ойламағайсыңдар. Пайғамбардың достарына наразы болуға және Шейх Ахмедтің нағыз ақиқат сөздерін теріске шығаруға сендердің шамаларың жетпейді” дейді.

Сенімі бұзық әлгі адам мына сөзді естіп тосылып қалады, бірақ шүбәдан бәрібір арылмайды. Сонда Aли (к.у.) Имам Раббаниге (қ.с.) бұрылып:

“Мына жәһил әлі айтқанға түсінген жоқ, кеудесінен әдемілеп бір періңіз, тәубаға келсін” деп бұйырады. Имам Раббани (қ.с.) айтқанын орындап ананың кеудесінен жұдырықпен ұрады. Адам (түсінде) бірден жаман сенімінен тәубаға келіп, кешірім сұрайды және жүрегі тазарады. Ұйқыдан тұрғасын кеудесіндегі жұдырықтың ізін байқайды. Содан қателігін түсініп, дереу Имам Раббаниге (қ.с.) барып, адал көңілмен, шын ықыласымен мүриді болады. 

 

0 пікір