Пайғамбарлар (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қанша жасады және қайда жерленді?
Пайғамбарлар (Алланың игілігі мен сәлемі болсын)   қанша жасады және қайда жерленді?
07.03.2018 11:54
1854
0

Алла Тағала өзі таңдап адамзаттың ардақтылары еткен пайғамбарлар (ғаләйһимиссәләм)-ды рет ретімен аты жөні, ғұмыр жасы әрі жерленген жерлері жайлы қысқа нұсқа мәліметтер беруді жөн санадым. Нақты дәйекпен жеткені бар жетпегендері де бар.

 

  • Адамзаттың атасы Адам (ғ.с) мың жыл ғұмыр кешіп, Үнді елінде, Меккеде Арафа тауында немесе Құдыс қаласына жерленді деген әртүрлі көзқарастар бар.
  • Идрис (ғ.с) жер бетінде 865 жыл өмір сүргені немесе 120 жыл пайғамбарлық еткені айтылады. (Жер беті емес аспан әлеміне жерленген екі пайғамбардың біреуі. Ә.Б)
  • Нұх (ғ.с) пайғамбарлардың атасы. 950 жыл өмір сүрген. Куфа мешітінде немесе Жизра, Жәбәлул Әхмар тіпті Мәсжидул харамда жерленді деген түрлі көзқарастар бар.
  • Һуд (ғ.с) лақап есімі Абыр 464 жыл ғұмыр кешіп, Хадрамаут немесе Мекке де дүниеден озып Хижр да жерленгені жайлы да деректер бар.

 

  • Салих (ғ.с) қанша жыл өмір сүргені жайлы еш мәлімет берілмеген. Бірақта мазары Иемен яғни Хадрамаутта жерленді деген көзқарас болса да Меккеде дүниеден озып Қағба айналасына жерленгені алға тартылады.
  • Лут (ғ.с) жайлы да мәлімет жоқ. Әрі Ирак елінде Суғар атты ауылда немесе Шамда жерленгені жайлы қысқа мәлімет бар.
  • Ибраһим Алланың досы (ғ.с) 200 жыл ғұмыр кешіп, Палестинада Халил деген жерде жұбайы Сара анамыздың жанына жерленгені айтылады. Сондай ақ басым көзқарас бойынша Түркия, Ұрфа да жерленгені. Жер бетін басқан алапат топан судан 1263 жыл кейін туылғаны жайлы да мәлімет бар.
  • Исмағил (ғ.с) 137 жыл өмір сүріп Мекке, Қағба айналасы, Ажар анамыздың маңына жерленген.
  • Исхақ (ғ.с) 180 жыл ғұмыр кешіп, Ибраһим ғ.с атасының жанына яғни Палестина, Халил ауылына жерленген.
  • Яғқуб (ғ.с) лақап аты Исрайыл болып, 147 жыл өмір сүрген. Мысырда дүниеден озып, өсиеті бойынша баласы Жүсіп ғ.с Палестина, Халил елді мекеніне апарып жерлеген.
  • Жүсіп (ғ.с) лақап аты Сыддиқ 110 жыл өмір сүрген. Мысыр да дүниеден озып, өз өсиеті бойынша ағалары Палестина, Нәбулусқа апарып жерлеген.
  • Шұғайб (ғ.с) лақап есімі Нәбиуллаһ еді. Қанша жыл ғұмыр кешкені жайлы мәлімет жоқ. Мазары Палестина, Табрияға жақын Хыттин ауылында болғаны жайлы мәлімет бар.
  • Аюб (ғ.с) сабырдың шексіз үлгісін көрсеткені үшін, Сабыр деген лақап есімі берілген.  Бар болғаны 93 жыл өмір сүріп жұбайының жанына Сирияның астанасы Димашққа жақын Шайх Сағд ауылында жерленген. Сонымен қатар Мекке, Қағба маңында дегенде көзқарас бар.
  • Зулкифл (ғ.с) бұл пайғамбардың да қанша жыл ғұмыр сүргені айтылмаған. Мысыр жерінде әйгілі Сәйна шөлінде Тих уақиғасы кезінде дүниеден озғаны жайлы мәлімет бар. Сондай ақ Сирия елінде әкесінің маңына жерленгені айтылады.
  • Юнус (ғ.с) қаншы жыл ғұмыр кешкені тіпті қай жерде дүниеден озып қайда жерленгені жайлы ешқандай мәлімет жетпеген.
  • Муса (ғ.с) тікелей Алла Тағаламен тілдескені үшін Кәлиимуллаһ деген лақап есім берілген. Ғасырдан сәл асып 120 жыл өмір сүріп Тұры Синада көз жұмып сол жерде жерленген.
  • Һарун (ғ.с) де ғасыр асып ғұмыр кешіп 122 жасында Тұры Сина Тих шөлінде көз жұмып сол жерге жерленген.
  • Илияс (ғ.с) сүрген өмірі, қабірі жайлы ешбір мәлімет жоқ. Бірақта Бәни Исрайыл ұрпағы Палестина жеріне енген кезде туылып, қабірі Лубнан еліндегі Бағлабак жерінде екені айтылады.
  • Әлясағ (ғ.с) немесе Иляшағ. Бұл пайғамбардың да қанша жыл өмір сүргені жайлы мәлімет жетпеген. Пайғамбарлар тарихын қайта еске алар болсақ, елі қарсы келгеннен соң балықтың қарынында сыналып шыққаннан соң еліне қайта оралғаны бар еді ғой. Ол да Сирия елі Банияс елді мекені еді.
  • Дәуіт (ғ.с) бір ғасыр ғұмыр кешкен. Патшалығы қырық жыл болғаны баяндалады. Қабірі Мәсжидул Ақсаның оңтүстік батысында, өзінің атымен аталатын Дәуіт қаласының Сион төбесінде жерленген. Тәуратта Құдыс қаласы Сион депте аталады.
  • Сүлейман (ғ.с) басқа пайғамбарларға қарағанда жарты ғасыр ғұмыр кешіп, он екі жасында тақ мұрагерлігін алып қырық жыл қара қылды қақ жарып ел басқарып 52 жасында көз жұмады. Мазары Түркия, Диярыбакрда делінеді.
  • Зәкария (ғ.с) 150 жыл өмір сүріп ұлы Яхия (ғ.с) ды шаһид еткендердің қолынан тірідей араланып шаһид болады. Қабірі Сирия, Халеф қаласында.
  • Яхия (ғ.с) нақты қанша жасында шаһид болғаны жайлы мәлімет жоқ. Иса масих ғ.с дүниеге келген жылы туылғаны айтылады. Немесе алты ай үлкен депте келеді. Сол кездегі залым патшаның әйелінің тапсырмасы бойынша михрабта басы шабылғаны, басы да Сириядағы Әмауи мешітінде жерленгені туралы мәліметтер бар. Қосымша Иса ғ.с көкке көтерілгеннен кейін отыз жылдан соң Құдыстан кетіп, қайта оралған кезде басы шабылғаныда деректерде кездеседі.
  • Иса масих (ғ.с) жер бетінде 33 жыл ғұмыр кешіп, пайғамбарлық келгеннен кейін үш жылдан соң Алла Тағала көкке көтеріп әкетті. Ал, анасы Мәриям анамыз Иса ғ.с көкке көтерілгеннен кейінде 6 жыл өмір сүріп 53 жасында бақилық болғаны айтылады. (Жер бетінен тірідей көтеріліп әкетілген, яғни жерде мазары жоқ екінші елші Ә.Б)
  • Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед Мұстафа(с.ғ.с) 571 жыл піл жылында Мекке Мукаррама да дүниеге келіп, 63 жасында Мәдина қаласы, Мәсжидун Нәбауиде дүниеден озып, Айша р.һа анамыздың отауына жерленеді.

 

 

Жинақтаған: Әбдікерім Берікбай Германұлы

0 пікір