ОСМАННЫҢ ИСЛАМДЫ ҚАБЫЛДАУЫ
ОСМАННЫҢ ИСЛАМДЫ ҚАБЫЛДАУЫ
16.08.2021 10:00
506
0

Абдулла ибн Омардан (р.а.) жеткен риуаятта былай деген: «Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Осман (ибн Аффан) қайтыс болғанда көктегі періштелер оған истиғфар айтады» - дегенін естідім. «Бұл тек Османға тән бе әлде барлық адамдарға да ма?» - деп сұрадым. «Жоқ. Тек Османға» - деді». (Табарани, «әл-Жамиғ ул-Әусат»)

Осман (р.а.) былай дейді: «Мұсылман болу құрметіне ие болмастан бұрын бір күні анам, немере әпкем және туыстардан көп әйел жиналып біреуді мақтап жатыр еді. Немере әпкемнен: «Бұл мақтап жатқандарың кім?» деп сұрағанымда: «Абдулланың ұлы Мұхаммед. Алла тарапынан жіберілген пайғамбар. Алланың түсірген әмірлерін жеткізеді және Аллаға шақырады. Қасиетті жүзі шырақ, алып келген діні құтылуға себеп...» деді. 

Осы мақтаулы сөздер жүрегіме әсер етті және жасырын түрде хз. Әбу Бәкірдің (р.а.) қасына бардым. Түріме қарап, ойымды мазалаған нәрсенің бар екенін түсініп «Не ойлап жатырсың» деді. Өйткені ол парасатты, қадірлі кісі еді. 

Мәселені оған айтқанымда: «Уа, Осман! Ақиқат күн сияқты анық болғанда шындықты көрмейсің бе, естімейсің бе? Немере әпкең саған рас сөз айтқан. Жүр бірге хз. Мұхаммедтің (с.а.у.) алдына барайық. Иманға кел» деген кезде хз. Хабибулла (с.а.у.) хз. Әли (к.у.) екеуі шыға келді. Хз. Әбу Бәкір орнынан тұрып, қасына барып, бірдеңелер айтты. Сосын әлемдердің сұлтаны Пайғамбарымыз (с.а.у.) қасыма келіп: «Уа, Осман! Мен саған және Алланың барлық жаратқанына жіберілген Алланың Расулімін. Иманға кел» деді. 

Расулулладан бұл сөздерді естігенде жүрегім иман нұрымен толды. Сосын: «Әшһәду ән лә иләһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммадән ғабдуһу уә расулуһ» деп мұсылман болдым. 

Немере әпкем мұсылман болғанымды естігенде қуанғаны соншалық «Менің тура жолға шықарған сөздерім арқылы Алла Тағала Османды хидаятқа ергізді және оны туралыққа бұрып, хаққа жөнелтті...» деген мақтау жырын айтып қасыма келді.

Османның (р.а.) құрметті лақабы – Зуннурайн. Екі нұр иесі деген мағынада. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қадірлі екі қызы хз. Рукия мен хз. Үммү Гүлсүмге үйленгені үшін осы лақапқа ие болған. Осман (р.а.) алдымен Руқия анамызбен үйленген. Ол қайтыс болған соң Үммү Гүлсіммен үйленген. Ол да дүние салған кезде, Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Уа, Осман! Әттең үшінші қызым болғанда ғой. Оны да саған берер едім» - деген. 

 

0 пікір