ОППОЗИЦИЯҒА ИСЛАМ ДІНІ ҚАРСЫ ЕМЕС, ТЕК...
ОППОЗИЦИЯҒА ИСЛАМ ДІНІ ҚАРСЫ ЕМЕС, ТЕК...
13.02.2020 10:30
431
0

Қазақ үлкеннің сөзіне, басшының айтқанына тоқтаған халық. Ұлтымызға тән осы бір қасиетті Ислам діні де құп көреді. Құран Кәрімнің «Ниса» сүресі 59 аятында: «Ей, мүміндер! Сендер Аллаға бойұсыныңдар, Пайғамбарға бойұсыныңдар әрi өздерiңнен болған әмiр иелерiне де. Егер, бiр нәрсе үстiнде талас-тартыста қалсаңдар Аллаға және Пайғамбарға жүгiнiңдер. Егер сендер Аллаға, ақырет күнiне сенетiн болсаңдар, осылай iстеу әрi қайырлы, әрi жақсы нәтижелi болмақ», - деп жазылған.

Шейх Әли ибн Әбу әл-Ғизз әд-Димашқи әл-Ханафи «шарх әл-Ақида әт-Тахауия» деген кітаптың шархында: «Құран мен сүннет басшыларға бойұсынуға үндейді, егер басшылар күнә істеуге бұйырмаса, бойұсыну қажеттілігіне нұсқайды. Алла Тағаланың: «Аллаға бойұсыныңдар, пайғамбарға бойұсыныңдар әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне де», – дегеніне терең ой салыңдаршы,-делінген. Жалпы, мұсылман баласы алдымен әлемнің Раббысы болған Алла Тағалаға бағынады. Одан кейін сүйікті болған Мұхаммед ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Пайғамбарымызға мойынұсынамыз. Сондай-ақ, ортамыздан шыққан басшымызға бағынамыз. Өткенге көз жүгіртіп көрелікші.

 Мәселен, ертеде ата-балаларымыз үлкеннің сөзіне тоқтаған. Яғни, бір ауылды бір ақсақал басқарып, елді ұйыстырып отырған. Тентегі шықса тезге салып, шалыс басқанына ақыл айтып тоқтатқан. Аталы сөзге иланған халқымыз басшыға осылайша бағынған. Әбу Һурайра (Оған Алла разы болсын) жеткiзген мына хадисте: Пайғамбарымыз ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Кiм маған бойұсынса, ол Аллаға бойұсыныпты. Кiм маған бойұсынбаса, ол Аллаға бойұсынбапты. Кiм басшыға бағынса, ол – маған бағынғаны. Кiм басшыға бағынбаса, ол – маған бағынбағаны», - дейдi (әл-Бухари, Муслим риуаяты). Бұл – халықтың өз басшысына бойсынуы қажеттiгiн дәлелдейтiн хадис.

Ислам ғалымдарының айтуынша, басшыға бағыну – уәжіп және парыз болып табылады. Пайғамбарымыз ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  өзінің хадистерінде басшының орнын ерекше атап көрсетеді. Мәселен мына бір хадисінде екі дүние Сардары ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)«Басшылар - Алланың жер бетіндегі көлеңкесі. Оны құрметтеңдер. Егер басшы әділетті болатын болса, оған сауап, сендерге шүкір болмақ. Егер басшы әділетсіз болатын болса, оған күнә, ал сендерге сабыр болмақ», - деген. Яғни, жердегі басшыларды Алла Тағаланың өзі осы орынға лайықтап, жайғастырады.

Біз үшін елеусіз нәрсенің барлығы Алланың қалауымен болады. Ендеше, басшының таққа отыруы да - Раббымыздың қалауы. Басшыға бойұсыну дін Ислам талабы, мұсылмандық міндет. Өйткені, Әнас ибн Мәлік Пайғамбарымыздың ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)«Тыңдаңдар, бойұсыныңдар, тіпті егер сендердіңүстеріңнен басы мейіздей болған хабәшилік құл билік жасаса да» (әл-Бұхари), – деген хадисін баян еткені белгілі. Ендеше, әміршіге әрбір мұсылманның бағынуын, оның бұйрығын тыңдауын талап ету – дін Исламның басты ерекшелігі деп айтуға толық негіз бар. Жоғарыдағы аят та, хадис те осыны нұсқап отыр.

Алла Елшісі ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде: «Егер сендер басшыларыңныңәрекетінен жаман бір нәрсе көріп қалсаңдар, сабыр етіндер», - деген. Егер әлдекім басшының әділ әміріне қарсы шығып, қайтыс болса, оны «надандық өлімімен» өлді дейді. Тіпті, басшының істегені ақылға қонымсыз, бұрыс болса да, оған қарсы келуге болмайды. Біреулер «Сонда оның жамандық жасап жатқанын көре тұра қалайша айтпаймыз» - дейді. Дұрыс, айтыңыз, ескертіңіз. Басшы оны қаперіне алар, алмаса өзі күнә жасаған болады.                                                         

 Ертеде Халиф Харун Рашид деген патша болыпты. Оның қасына бір кісі келеді. Екеуі әңгімелеседі. Алайда, әңгімелері жараспай қызыл кеңірдек болады. Сол кезде Халиф Харун әлгі адамға: «Ей, сен осы Мұсадан ған Алланың сәлемі болсын) артықсың ба?» дейді. Әлгі адам «жоқ» деп жауап берді. «Ал мен перғауыннан бетермін бе?» дейді Халиф Харун. Әлгі адам тағы да «жоқ» деп тіл қатады. Сонда Харун патша тұрып: «Олай болса біз неге қызыл кеңірдік болып жатырмыз» деп әлгі адамды татулыққа шақырыпты. Осы кезде Харун Рашид Алланың сөзін келтіреді: Таһа сүресі 43-44 аяттары«“Екеуің Перғауынға барыңдар, өйткені ол шектен шыққан.Оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе қорқар.», - деген екен. Яғни, бұл ғибартты әңгіменің өзегі - біз басшыға мойынұсынуымыз керек.

Басшы қандай бұйрық берсе де, орындауға тиіспіз. Бірақ, қазіргі қоғамда: «Біз Алланың бұйрықтарын орындайтын, айтар сөзін хадис арқылы жеткізетін басшыға ғана бағынамыз», яғни Исламның хақ жолымен жүрген адамдарға ғана бағынамыз дейтіндер бар. Бұл – бос әңгіме, бекер сөз. Себебі, басшы өзінің әс-әрекеті үшін Алла алдында өзі жауап береді. Мұсылмандар басшының бұйрығын орындауы керек. Тіпті, басшының бұйрығыңсыз соғысқа да шығуға болмайды. Егер басшы «жиһадқа шығу керек» десе, онда тосылудың реті жоқ. Пайғамбарымыздан кейін сахабалар басшылыққа келген кезде еш бір мұсылман кісі бұған қарсы болған жоқ, бәлкім бұл жұмысты қолдап, басшылыққа бағынды.

Алла  жер бетінде тыныштықты орнату үшін әр қауымға өздерінен басшы жаратқан. Исламдағы басшының орыны өте жоғары. Оны төмендегі хадистен байқаймыз: Алла елшісі оған былай деген: «Алла сендерге үш нәрсемен разы болады: Аллаға ғибадат етіп, Оған ешкімді серік қоспауларыңа; барлығың Алланың жібінен мықтап ұстап, бөлінбеулеріңе және сендердіңүстеріңе Алла билік берген басшыларға адалдық танытқандарыңа» (Муслим)    Халықты басқару, елдің жүгін арқалау арқылы адам өзiне өте ауыр жауапкершiлiктi жүктейдi. Себебі, Қиямет күнi әрбiр адам өз билiгiнде немесе қарамағында болғандардың барлығы үшiн жауап бермек. Мәселен, отағасы – жанұя басшысы. Ендеше ол өзiнiң әйелi және балалары үшiн жауап бермек. Мемлекет басшысы өзiнiң қоластындағылардың барлығы үшiн жауап бередi. Бұл жөнiнде Алла Елшiсi ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)«Сендердiңәрбiрiң – бақташы және әрбiр адам өзiнiңқарамағындағылары үшiн жауапты. Имам – бақташы және өзiнiңқол астындағылары үшiн жауапты. Күйеуi – жанұяда бақташы және өз отбасы үшiн жауапты. Әйелi – ерiнiңүйiнде бақташы және ол үшiн жауапты. Қызметшi – өз қожайынының дәулетiне бақташы және оған жауапты. Бала – әкесiнiң дәулетiне бақташы және ол да оған жауапты. Сендердiңәрбiрiң – бақташы және әрбiр адам өзiнiңқарамағындағылары үшiн жауапты», - дейдi. (Әхмад, Әбу Дауд, әт-Тирмизи).   

Раббымыз Алла өзiнiң жердегi басшыларына әдiл болуды бұйырады. Қасиеттi Құранда: «Егер үкiм шығарсаң, әдiлдiкпен үкiм ет», - делiнген («Мәидә» сүресi, 42-аят). Елдiң ертеңi мен болашағы үшiн, мемлекеттiң тыныштығын сақтап, жағдайын жақсарту, құқығын қорғап, әлеуметтiк жағынан қамтамасыз ету мақсатында халыққа қызмет етiп жүрген басшыға бойұсыну – мұсылманшылықтың белгiсi. Халқы басшыға бағынбаса елден бірлік пен береке кетеді. Бұл сөзімізге Сирия, Мысыр елдерінде болып жатқан қақтығыстар дәлел. Халық бір басшыға ғана бағынуы керек. Бір елде бірнеше басшы болмайды. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев осындай саясатты ұстанады. Аллаға шүкір, елімізде әркім өз дінін ұстанып, тірлік жасауда. Бірақ, түптеп келгенде басшымыз бар. Ол – Президент. «Сонда оппазиция деген болмауы керек пе?» дер әлдекім. Неге болмасын. Оппазицияға Ислам діні қарсы емес. Тек, олар халықты көтеріліске бастауы, тұрғындарды бір-біріне айдап салуға болмайды.

 

0 пікір