ОМАР (Р.А) ХАЛИФАНЫҢ ӘДІЛДІГІ ТАҢҚАЛДЫРАДЫ
ОМАР (Р.А) ХАЛИФАНЫҢ ӘДІЛДІГІ ТАҢҚАЛДЫРАДЫ
12.07.2021 11:20
466
0

 Мұсылмандардың әміршісі Омар (р.а.) әлсін-әлсін түнде тұрып халықтың жағдайын білуге ел ішін аралайды екен. Жанында Әслам деген көмекшісі екеуі тым-тырыс көшелерді кезіп жүріп, бір үйдің тұсына келгенде балалардың жылаған даусы естіледі. Терезеден үңілсе. қарт әйелдің қасында жылап отырған балаларды көреді. Ал, бөлменің ортасындағы оттың үстінде қазан  тұрғанын байқайды.

  Омар (р.а) үйге  кіріп:

 «Ей, Алланың құлы! Мына балалар неге жылайды?» деп сұрайды.  Әлгі әйел балалардың аш екенін, ал қазандағы суды қайнатып, оларды ұйықтап қалғанша “әне піседі, міне піседі” деп алдап отырғанын  айтады. Мұны естіген Омар (р.а.)  жылап жібереді. Ол қазынадан ұн, май, құрма, киім, ақша  алып, жанындағы көмекшісіне:

 «Мына қапты менің арқама артып жіберші» дейді.

 Көмекшісі безектеп: «Уа, мұсылмандардың әміршісі! Мен арқалап апарайын» дегенде  Омар (р.а.):

 «Ей, Әслам! Бұл қапты мен  көтеремін. Себебі, қияметте олар үшін мен жауаптымын» - дейді.

Қапты әлгі әйелдің үйіне алып барып,  тамақ  дайындап, қазанның астындағы отты үрлеп жатқан Омарды (р.а.) көрген  көмекшісі былай дейді:

«Мен оның сақалының арасынан шығып жатқан түтінді көрдім. Ол  асты ыдыстарға құйып, балаларға тойғандарынша берді».


 

0 пікір