Нұх пайғамбардың қоштасуы
Нұх пайғамбардың қоштасуы
07.12.2017 14:06
622
0

Жер бетіндегі тіршілігі тамамдалып, өзіне бұйырылған дәм-тұздың таусылуға тақағанын сезген Нұх пайғамбар (ғ.с.) бұл дүниемен қоштасарда екі ұлын шақырып, оларға:

 «Сендерге екі нәрсені істеуді бұйырып, екі нәрседен аулақ болуды өсиет етемін, – деді, – Тыйым салатыным:

 Жаратушыдан басқаға табынбаңдар, әрі ешқашан астамсымаңдар. Аманатпен тапсыратын екі нәрсемнің біріншісі – «ләиләһаиллаллаһ» (Алладанбасқатәңіржоқ) дегенді ауыздан тастамау, өйткені жеті қабат көк пен жеті қат жерді, тұтас тіршілік иелерінің бәрінің басын қосып таразының бір табағына, ал жаңағы құдіретті сөзді екінші табағына қойса, «ләиләһаиллаллаһ» деген сөйлем ауыр салмақ басар еді.

Ұрпағыма ұлықтап тапсырар екінші өтінішім:

«Сүбханаллаһи уәл-хамду лиллаһи» (Ешбір кемістігі жоқтығын айтып Алланы пәктеймін әрі мақтау жаудырамын. ) деп жүруді ұмытпаңдар. Бұл екеуі – жанды-жансыз тіршілік иелерінің барлығының дұғасы. Осы екі сөздің арқасында барлық тіршілік иелері рызықтандырылуда».

0 пікір