Мешіттегі құжаттарды рәсімдеу жұмыстары
Мешіттегі құжаттарды рәсімдеу жұмыстары
10.02.2019 14:21
415
0

«Алланың үйі!» деп келетін барша мұсылман жамағат үшін мешіт қоршаған қоғамымыздағы рухани ең таза орыннын бірі. Қуанышымен де, қайғысымен де пана іздеп келетін киелі орын болып табылады.

Алланың үйінде тек қана діни жолды ұстанып, діннен басқа білімге көңіл бөлмеу деген жоқ. Мемлекеттік мекемелер тәрізді діни орындарда да құжаттарды заңды түрде рәсімдеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күні тиімді басқарудың маңызды құралы – құжаттармен қамтамасыз етуді басқару.  

Заманның бір орында тұрмай, қоғамның өзгеріп тұруына қарай мемлекеттік басқару органдары, жеке тұлғалар, кәсіпорындар т.б. мекемелердің бір-бірімен қарым-қатынас жүргізу, келісім-шарттар жасау, барлық басқарушылық шешімдерді тіркеуді қамтитын, заңды құжаттама көмегі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тіркеуінде тұрған барлық мешіттер де өз кезегінде бұл құжаттамаға сай құжаттарды рәсімдеу  тәртібін ұстануда.

Мешіттің ресми құжаттарын тіркеу – іс жүргізу процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді.  Ресми құжаттардың заңды сипатқа ие болып келу себебі бірнеше кезекте міндетті құжаттарда бұраштамалардың болуы. Басқару құралы ретінде құжаттар жоспарлауда, қаржыландыруда, бухгалтерлік есептеу мен есеп беруде, мешіт қызметіне кадрлар жағынан қамтамасыз ету т.б. қолданылады.

Мешіт құжаттарын толтырудың біртұтас ережесі Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және қоғам келісім министірлігінің архивтер мен құжаттарды басқару комитетінінің белгілегеніне сүйене отырып жүргізіледі.   

Кез-келген кәсіпорын мен мекемеде құжаттардың, құжат айналымы жүйесін дұрыс ұйымдастырудың маңызы аса зор. Құжаттардың негізінде басқару шешімі қабылданады, даулы мәселелері шешіледі. Қандай ұйымда болмасын, сауатты жасалып, заңды күшке ие болған құжат қана табысты жұмыстың кепілі болып табылады.

ҚМДБ-ның тіркеуіне тұрған кез-келген мешіт заңды тұлға мәртебесіне ие болады. Тіркелген уақытынан бастап құжат айналымы жүйесін қалыптастыру қажеттігі туындайды.  Осыған орай 2014 жылы «АЗИАТ» баспа үйі арқылы «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Діни іс қағаздарын жүргізу үлгісі» атты әдістемелік-анықтамалық құрал басылып шықты. Баспаны ҚМДБ-ның іс басқарушысы Ербосын Орын мен дінтанушы Мұхамеджан Естеміров құрастырған. Кітапшаға ҚМДБ-ның филиалы болып табылатын мешіт қызметкерлерінің міндеттері мен атқаратын қызметтері барысында пайдалану үшін іс қағаздарының ретті түрде жүргізілуіне бағытталған арнайы үлгілер енгізілген.

«Кітапшаны шығарудың негізгі мақсаты – діни қызметкерлердің тарапынан құжаттардың сауаттылықпен толтыру мәселесін дұрыс жолға қою, бірізділікке түсіру, құжаттардың дұрыс толтырылмауының салдарынан мешіт қызметкерлеріне деген жалпы жұртшылықтың тарапынан туындауы мүмкін теріс ой-пікірлердің қалыптасуының алдын алу» - дегепн еді  ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз мырза басылымның алғы сөзінде.

Жалпы мешіттің ішінде жүргізілетін құжаттандыру жұмыстарына:

-Бұйрықтар,

-Кіріс-шығыс хаттар,

-Қажетті орындарға анықтамалар беру,

-Өтініш, түсініктемелер мен арыздар қабылдау,

-Ұсыныстар жолдау,

-Акт жүргізу,

-Өткізілген жиналыстың хаттамаларын тіркеу,

-Кепілдік хат беру,

-Басқа мекеме, кәсіпорындармен келісім-шарттар құру т.б. іс-қағаздар жұмысы жүргізіледі.

Жас Республикамыздың жылдан-жылға өркендеуіне байланысты дін қызметкерлердің де заңды түрде дұрыс құжаттандыру жұмыстарын игеруі арта түсуде. Жыл сайын елімізде жүзден аса мешіт ғимараттары салынуда. Барлығы да тәртіп бойынша заң талабына сай Әділет департаментінің тіркеуінен өтіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының балансына  өткізіледі.

Қазіргі уақытта барлық діни ғибадат орындар мемлекеттік заңды құжаттандыру тәртібіне сай болуға бет бұруда.

 

Салимова Қ.

 «Ақмешіт» мешітінің іс-жүргізушісі

0 пікір