МӘУРАННАХР ФИҚҺ МЕКТЕБІНІҢ КӨШ БАСШЫ ЕКІ ОТБАСЫ
МӘУРАННАХР ФИҚҺ МЕКТЕБІНІҢ КӨШ БАСШЫ  ЕКІ ОТБАСЫ
11.12.2019 10:08
249
0

Фиқһ саласы тарихында бекем қалыптасқан бір аймақ Мәураннахр болып табылатынын көзі қарақты ешкімде жоққа шығармайды. Ал оған басты көсбасшы болған Имам Ағзамның шәкіртерінің шәкірттері еді. Оны таратып айтсақ Имам Ағзамның бір және бірегей шәкірті Имам Мұхаммедтің шәкірті Әбу Хафс әл-Кәбир һәм ұлы Әбу Хафс әс-Сағирдің бұл аймаққа фиқһты тұңғыш болып жеткізгенін естен шығармайық. Содан соң ары қарай  Имам Матуруди және Әбул Ләйс әс-Самарқанди мен бұл үрдіс жалғасын тауып кеңінен етек жайды.

Сондай-ақ осы өлкеге екі жанұяның, фиқһ саласының дамуына ерекше ерен еңбектері сіңген. Олар: Бұрхан отбасы және Махбуби отбасы.

Бұрхан отбасы

Сұлтан Санжар жолдауымен ұлық ғалым Абдулғазиз бин Мәзаннің Бұқараға тағайындалуы тұнық ілімнің көшін бастаған болатын. Мінекей бұл отбасының ең маңызды білім жағынан алтын шежіресі төмендегідей:

Әбу Ханифа (767) →Имам Мұхаммед (805) →Әбу Хафс әл-Кәбир (831) → Әбу Хафс әс-Сағир (878) →Абдуллаһ әс-Сабазмуни (952) →Мұхаммед бин әл-Фазл әл-Бұхари (991) →Әбу Әли ән-Нәсафи (1033) →Шәмсуләйммә әл-Халуәни (1060) →Шәмсуләйммә әс-Сәрахси (1090) → Бұрханиддин әл-Кәбир және Хусамуддин Садрушшәһид Омар (1141) еді.

Махбуби отбасы

Бұл отбасының да ең маңызды шежіресі былай еді:

Әбу Ханифа (767) → Имам Мұхаммед (805) → Әбу Хафс әл-Кәбир (831) →Әбу Хафс әс-Сағир (878) → Абдуллаһ әс-Сабазмуни (952) → Мұхаммед бин әл-Фазл әл-Бұхари (991) → Әбу Әли ән-Нәсафи (1033) → Шәмсуләйммә әл-Халуәни (1060) → Шәмсуләйммә әс-Сәрахси (1090) → Шәмсуләйммә әз-Зәранжәри (1118) → Ғимадуддин әз-Зәранжәри (1188) → Имамзаде әл-Бұхари (1177) → Жәмалуддин әл-Махбуби һәм Тәжушшариға Махмуд Садрушариға Ғубайдуллаһ  бин Мәсғуд (1346) болатын. 

Махбуби отбасының бұл фиқһ көші Хожа Мұхаммед Парса (1420) арқылы Османлыға яғни Анадолы даласына ұласқан еді.

(Кеңірек мәлімет үшін Мұртаза Бедир, Бұхара Фиқһ Окулу; Мұрат Шимшек, Имам Ебу Ханифе ве Ханефилик атты еңбектерге қараңыз).

 

Автор: Rifat ORAL                   

Аударған: Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ

0 пікір