ИСЛАМНЫҢ ЖАС ҚОЛБАСШЫСЫ
ИСЛАМНЫҢ ЖАС ҚОЛБАСШЫСЫ
09.12.2021 10:52
167
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Расында, сіздер (дін) бауырларыңның айнасы іспеттісіңдер. Сондықтан, кімде кім бауырының айып-кемшілігін көрсе, оны жойсын». (Сүнән Тирмизи)

“Пайғамбарымыз (с.a.у.) Римге қарсы жорыққа әскер жібермек болады. Бұл әскерге әмір әрі қолбасшы қылып Зәйдтің ұлы жас Усаманы (р.а.) тағайындайды.  Усаманың (р.а.) қолбасшылығына кейбіреулердің қарсы болғанын Пайғамбарымыз (с.а.у.) естіп, оларға қарата былай дейді: “Сендер Усаманың басшылығын қолдамайсыңдар. Әуелі оның әкесі Зәйдтің қолбасшылығына қарсы болғансыңдар.” Яғни бұған дейін Риммен болған Мута соғысында қолбасшы тағайындалып, шейіт болған Зәйд (р.а.) үшін де солай дегенсіңдер. “Aлла Tағаланың қасиетті атымен ант етейін, оның әкесі қолбасшылыққа лайық еді және адамдардың арасында менің ең жақсы көретін жандарымның  бірі еді. Және ұлы Усама да әкесінен кейін менің жақсы көретін адамдарымнан бірі.”

Усама (р.a.) қолбасшылық еткен бұл әскер дайындықтарын аяқтап үлгермей, Пайғамбарымыз (с.a.у.) ақыретке көшеді. Пайғамбарымыз (с.a.у.) қайтыс болғасын, Әбу Бәкір әскерді сол Усаманың (р.a.) қолбасшылығымен аттандырады.

Ислам әскері римдіктерге қарсы болған бұл соғыстан Мәдина Мүнәууәрәға жеңіспен оралады. 

0 пікір