ИСЛАМ ТЕРРОРИЗМДІ ҚОЛДАЙ МА?
ИСЛАМ ТЕРРОРИЗМДІ ҚОЛДАЙ МА?
19.01.2022 10:50
208
0

Сұрақ: Ислам терроризмді қолдай ма?    

Жауап: Ислам жазықсыз адамға, оның өміріне, жеке мүлкіне басқыншылық жасауға, сондай-ақ, оның ар-намысына қатысты қандайда бір қатты сөз айтуға рұқсат бермейді. Исламдағы бұл қағида барлығына тең. Пайғамбар (с.ғ.с.) өзінің ең соңғы жасаған қоштасу қажылығында халыққа қарап, адамның өміріне, жеке мүлкіне және ар-намысына Қиямет күніне дейін қол сұғылмауы тиістігін айтқан болатын: «Қиямет күнінде адамдар арасында алынатын есептің біріншісі – адам өлтіру» (Мүслим, Термези, Нисай және Ибн Мәжәһ).

Пайғамбар (с.ғ.с.) бұл талапты тек мұсылмандар үшін емес, барлық адамдарға қатысты айтты. Бейбіт өмірді былай қайғанда, тіпті соғыс кезінде де Ислам соғысқа қатысты жоқ бала-шағаны, кемпір мен шалды, әйелдер мен дін қызметкерлерін қинауға, атуға тыйым салған.

Бұған таң қалуға болмайды, өткені Исламда жануарды да қинауға жол жоқ. Пайғамбар (с.ғ.с.) бір әйелдің мысықты тамақтандырмай аш қалдырғаны үшін тозаққа түскені туралы хадис айтқан (Бұхари). Бұл әйел мысықты қамап, оған тамақ бермеген, не оның өзіне тышқан аулап ұстауына мүмкіндік жасамаған екен. Сол үшін оны Алла оны азапқа салмақ.

Егер Ислам жануарды қинаған адамды осылай жазаласа, онда адамдарды қинаған, оларға күш көрсеткен немесе жарып жібергендерге қандай жаза бермек?!

«Бір-бірлеріңді өлтірмеңдер. Расында Алла сендерге ерекше мейірімді. Ал кім айтылғанды дұшпандық, зұлымдықпен істесе, оны жақында отқа саламыз. Бұл Аллаға оңай» (Ниса: 29-30).

Жазықсыз адамдарға қарсы жасалған қастық – ауыр қылмыс, үлкен күнә. Бұл зардап шегуші адамның нәсіліне, шыққан тегіне немесе ұстанған сеніміне қатысты емес. Жазықсыз адамды өлтіру немесе жазаға тарту мәселесінде Ислам барлық адамдарға тең қарайды, оларға тең құқық береді.

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

 

0 пікір