ИСЛАМ - ТАЗАЛЫҚ ДІНІ
ИСЛАМ - ТАЗАЛЫҚ ДІНІ
27.08.2021 11:15
608
0

Алла Тағала былай дейді: «...Шәксіз Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды да жақсы көреді». (Бақара сүресі, 222-аят)

Ислам діні толық мағынада тазалық діні. Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Ислам - тазалық негізіне құрылған».

«Тазалық иманнан».

«Тазалық иманның жартысы» - хадис шәріптерімен тазалықтың дініміздегі орнын айқын көрсеткен.

Дініміз әр мұсылманға киімін, намаз оқитын орнын нәжістен тазалауды парыз қылып, тырнақтарды алуды, қырынуды, шаш пен сақалды тазалап, тарауды, мисуақпен тістерді тазалауды, денсаулығын сақтауды, үйін, ауласын таза ұстауды бұйырған.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) тазалыққа мән бермегендердің әрекетін құптамаған, кір киіммен «Мешіт Нәбәуиге» келуге сахабаларына тыйым салған. 

Ислам діні сыртқы тазалықты бұйырумен қатар рухани тазалықты да әмір еткен. Хадис шәріптердегі тазалықтан мақсат әрі материалдық әрі рухани тазалық. Өйткені адам әуелі ішін, рухани тазалығын жасап, бұрыс сенімдерден, жаман мінезден арылтпағанша сыртын қанша тазаласа да, дінімізде шариғатқа сай және мақұл тазалық жасаған болмайды. 

Кісі (материалдық және рухани) тазалығының мөлшеріндей адамдыққа жақындайды. Тазалықтағы кемшілігіне қарай қоғамнан ұзақтайды. «Алла Тағала таза, таза болғандарды жақсы көреді» - хадис шәріпінде айтылғанындай таза болғандарды Алла Тағала да адамдар да жақсы көреді.

Сонымен қатар тазалық денсаулыққа және ризықтың артуына себеп. Өйткені «Тазалықты үзбе ризығың мол болсын» деп айтылған.

 

 

0 пікір