ИСЛАМ ДІНІНІҢ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА ТАРАЛУЫ
ИСЛАМ ДІНІНІҢ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА ТАРАЛУЫ
29.05.2020 12:28
795
0

Қазақ даласына ислам дінінің енуі шамамен 1250 жыл бұрын басталды.VIII ғасырдың басында Орта Азияны өзіне қаратқан арабтар бірте-бірте қазақ даласына қарай жылжи бастайды. 751 жылғы Талас өзені бойындағы арабтар мен Қытай əскері арасында болған Талас шайқасы, қазақ халқының тарихындағы үлкен маңызды оқиға еді. Талас шайқасында түркі тілдес тайпалардан құралған түргештердің араб əскері жағына шығуы қытайлықтардың жеңіліске ұшырауына себеп болды.

 Көк тəңіріне сиынатын түркі тайпаларына исламдағы бір ғана Жаратушыға сиыну, көшпелілердің дүниетанымдық көзқарасына жақын болуымен қатар салт-дəстүріне де кереғар болмады. Көшпелі тұрмыстағы түркі тайпаларының исламды қабылдауы мұсылмандық түркі мəде- ниетінің қалыптасуына əсер етті. Ислам дінінің сүниттік тармағының ханафиттік бағытының ерекшелігі де сол жергілікті халықтың салт-дəстүрімен үйле- сім ділігінде. Қарахан əулеті (Х-ХIғ) билігі тұсында Мұса қаған 960 ж ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялағаннан соң бұл аймақта ислам мəдениетінің таралуына жол ашылды. Ғылым, білім, қолөнер, сəулет өнері, əдебиет жылдам қарқынмен дами бастады. Мешіт, медресе, кітапханалар бой көтеріп жаңа қалалар салынды. Сайрам, Тараз, Құлан, Меркі, Баласағұн, Сауран, Ясы, Өзгент қалалары тек сауда орталықтары ғана емес, ғылым мен өнердің əдебиеттің орталығына айналды.

 Ислам дінінің қазақ жеріне енуінің тағы бір кезеңі бұл Алтын Орда дəуірі еді. Өзбек ханның тұсында (1313-1341ж.ж) ислам діні мемлекеттік дін дəрежесіне көтеріліп, Алтын Орданың қуатты елге айналуына ықпалын тигізді. Көшпелі тайпалардың арасында сопылық ілімнің таралуына еңбегі сіңген Қожа Ахмет Яссауи өз шығармаларын түркі тілінде жазып, ислам құндылықтарын таратса, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари еңбектері адамзатты ізеттілікке, мейірімділікке, адалдыққа шақырды.

Философия, тарих, медицина, астрономия саласында еңбек жазған ғалымдармен қатар, Құран мен тафсир, шариғат, мазһабтар, фикһқа арналған шығармалар жазған Бұрһан ад-Дин Ахмад əл-Фараби, Имад ад-Дин Əбул Қасым əл-Фараби, Молла Ахмет əл-Женди, Хусам ад- Дин əл-Хусейн ас-Сығанақи Əбу Абд Алла əл-Баласағани, Əбд əл-Ғафур əл-Кердери сияқты ғұламалар болды. XV-XVIII ғасырлардағы тарихшы ғалымдар М.Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри араб-парсы тілін меңгеріп тамаша еңбектер жазып қалдырды. Шариғат заңдары Қазақ хандығы тұсында қоғамдық қатынастарға дендеп еніп, халықтың əдеп- ғұрпы мен дəстүрімен сабақтасып жатты. Қасым хан билік құрған 1511-1523 жылдары Қазақ хандығы нығайып, ірі мемлекетке айналады. Қазақ хандығы тұсында ислам діні мемлекеттік дін дəрежесіне көтеріледі.

Сол заманның тарихшысы Фазлаллах Ибн Рузбеханның қазақтардың билеуші топтары жөнінде: «Олар құран оқиды, намазға жығылады, өз балаларын мектепке береді»,- деген жазбаларының өзі-ақ бұған дəлел бола алады. Қазақ хандығының ең қуатты елге айналуына үлес қосқан Қасым хан енгізген «Қасым ханның қасқа жолы» заңдар жинағынан да ислам дінінің қазақ қоғамындағы орнын байқауға болады. Тəуке ханның «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар жинағы да шариғат пен көшпелі тұрмыстағы дала заңдары негізінде жасалынғандығын тарихтан білеміз.

XVIII-XIX ғасырда Қазақ елі Ресей отарына айналғаннан кейін патша үкіметі алғашында христиан дінін тарата бас тағанымен кейі нірек бұл күт кендей нəтиже бермегеннен соң, ислам дініне ба қылауды күшейте түсті. Сан ғасырлар бойы ислам дінін ұстанатын қазақ халқын христиандыққа өткізу саясаты нəтиже бермегеннен соң, патша үкіметі солтүстік аймақтарға жерсіз шаруаларды күштеп қоныстандыра бастайды. Бірақ қазақтардың исламға деген беріктігі бəсеңсімей керісінше азаттық жолындағы күреспен үндесіп жатты.

1906 жылы Верныйда Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1 құрылтайы өтті. Құрылтайда діни-руханият мəсе лелері сонымен қатар діни басқарма құру мəселелері қаралды.

1917 жылдың басында бірнеше діни сипаттағы партиялар құрылып діни мəселелерге мəн бере бастайды.

30-жылдардағы сталиндік қуғын-сүргін дін өкілдерін де қамтып өтті.

1940- 50 жылдары дін мəселелерін ретке келтіру мақсатында Орта Азия мұсылмандары діни басқармасы құрылып, бұл діни басқарманың Қазақстандағы өкілі болып Абд-əл-Ғаффар Шамсутдиновті бекітеді.

1975-1979 жылдары бұл басқарманың қазият хатшысы болып Рəтбек қажы Нысанбайұлы қызмет атқарады.1990 жылы өз алдына Қазақстан діни басқармасы құрылып, бас мүфти болып Рəтбек қажы Нысанбайұлы сайланады. Еліміз тəуелсіздік алғаннан соң азаматтардың діни на- ным бостандығына жол ашыл- ды деуімізге болады.

1992 жылы «Діни сенім жəне діни қарым қатынастар бостандығы туралы» заң қабылданып жаңадан мешіттер, медреселер, храмдар мен шіркеулер ашылды. Қазіргі күні біз көпұлтты еліміздегі түрлі дін өкілдерінің татулық пен келісімде өмір сүруінің үлгісі ретінде, Елордада өткен əлемдік дəстүрлі дін өкілдерінің басқосуын айта аламыз. Астанада өткен Бүкілəлемдік діни конфессиялардың I,I,III,IV жəне V cъездерінің маңыздылығы сол, еліміз дəстүрлі діндердің рухани келісімінің ордасына айналды деуімізге болады.

 

 

0 пікір