ИСЛАМ ДІНІ ҚЫЛЫШПЕН ЖАЙЫЛМАДЫ
ИСЛАМ ДІНІ ҚЫЛЫШПЕН ЖАЙЫЛМАДЫ
25.10.2021 09:50
255
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Қиямет күні адамдар қайта тіріледі. Мен үмбетіммен бір төбеде боламыз. Раббым маған жасыл бір киім кигізеді. Сосын, Алла Тағала не айтқанымды қаласа айтамын. Міне осы Мақам-ы Махмуд». («Сахих ибн Хиббан»)

Бұзық ойлы адамдар Исламның қылышпен жайынғанын, Сахабалар да осы себеппен Исламға кіргенін айтады. 

Алайда Пайғамбарымыз (с.а.у.) пайғамбарлығын жария қылғанда жалғыз, өз руы тарапынан да қолдау таппаған, күш алмаған еді. Тіпті Пайғамбарымызға көмектесудің орнына алғаш болып олар қабылдамады, қатты жауласты. Пайғамбар осының барлығына сабыр етіп, салмақтылығынан айрылмай бұйырылғанындай ұлы жолында табандылық танытты және халықты Алла Тағаланың бір екеніне шақырып, тура жолға жасау үшін дәлел көрсетуге жалғастырды. Оларға әруақыт Исламның әдеміліктерін айтып, көрсетіп және (олардың) ғұрыптарының бұрыс екенін естеріне салатын.

Міне осының арқасында Алланың тура жолға келуін қалаған адамдарға ақиқат көрінді және ақыл иелері бұл дінді қабылдай бастады. Бұл ұлы діннің үкімдері ұнатып халық топ-топ болып иман етіп, оған ұйыды. Бұл уақытта бір тамшы қан да ақпаған еді. 

Әлі соғыс әмір етілмей жатып Пайғамбарымызға (с.а.у.) иман еткендер өте көп еді. Исламның алғашқы уақытында Әбу Зәр әл-Ғифари бауыры Унәйс және анасымен бірге исламды қабылдады. Тайпасына барып Әбу Зәрдің шақыруымен руының жартысына жақыны мұсылман болды.

Пайғамбарлықтың 7 жылында сахабадан 101 кісі мүшріктердің жәбірінің кесірінен Хабашстанға һижрет етті. Алайда ол уақытта Мекке Мүкәррәмәда көп мұсылман бар еді. Нәжран христиандарынан 20 шақтысы бұл уақытта мұсылман болды. Сонымен қатар қауымының арасында абыройлы болған Дымад әл-Әзди және Туфәйл бин Амра да һижреттен бұрын мұсылман болған және тайпасын Исламға шақырған 

Меккенің ең ауқатты жастарынан Мұсғаб бин Умәйр (р.а.) ешқандай мәжбүрлік болмастан барлық байлығын тастап мұсылман болуды таңдады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) һижреттен бұрын оны Мәдина Мүнәууараға жіберген, оның насихатымен һижреттен бұрын Мәдина Мүнәууарада мұсылман болмаған қалмаған еді. Хабашстан патшасы Нәжәши да һижреттен бұрын Пайғамбарымыздың пайғамбарлығын қабылдады.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдина Мүнәууараға һижрет еткенде Бурәйда (р.а.) Әслам руынан 70 кісімен бірге барлығы өз еріктерімен келіп Ислам дініне кірді. 

Ынсаппен қарағанда Ислам діні һижреттен бұрын, соғыс әмір етілмей жатып жайылып танылған. Соғыстың әмір болуы һижреттен кейін еді. Демек ешкі Пайғамбарымыз (с.а.у.) тарапынан мәжбүрленіп дінге кірмеген. Ислам діні қылышпен емес тек ақылдың қабылдауы арқылы жайылған.

 

 

 

0 пікір