ХАЗІРЕТ ӘЛИДІҢ ҒИБРАТЫ
ХАЗІРЕТ ӘЛИДІҢ ҒИБРАТЫ
26.03.2020 09:32
294
0

Адамдар үш топтан тұрады: біріншісі – Раббани ғалымдар, екіншісі – құтқарылу жолына түскен ілім іздеуші, үшінші – әркімге еліктеп, жел қалай тұрса солай кетіп, ілім нұрымен өзін нұрландыра алмаған тобыр. Ілім – дүние-мүліктен қымбат. Іліммен амал етсең, мәртебең арта түседі. Дүние-мүлік қолданған сайын азаяды.

***

Қорқыныштың қорқынышы – нәпсіге ие болмау. Нәпсінің жетегінде кету адамды ақиқаттан алыстатып, ақыретті ұмыттырады. Абайлаңдар! Уақыт өтіп барады, ақырет болса жақындап келеді.

***

Жалған мақтау адамды өр көкіректікке жетелейді. Адамдардың жақсысы мен жаманын ажыратып, бағала. Бәрін тең көру, жақсыларды ізгіліктен суытып, жамандардың харам пиғылын өсіреді.

***

Үш амал қарапайымдылықтың кілті – кездескен кезде бірінші болып сәлем беру. Әртүрлі жиындарда төрде отыруға құмарланбау, рияшылдық пен жасандылықты қабыл етпеу.

***

Көмек сұрап, қажеттілігінің өтелгеніне сеніп келген адамдарға көмектесудан асқан нығмет жоқ. Бір мұсылман қажетін өтеу – мен үшін жер бетінің бар қазынасынан қымбат.

***

Адамның ең жақсы жан азығы – дұрыс және әділ амалдар.

***

Мен Алла елшісінің: «Әлсіздің ақысын күштіден алып бере алмаған кез келген халық ешқашан күшті бола алмайды» дегенін бірнеше рет естідім.

***

Мақсатыңа уақытынан бұрын кіріспе, уақыты келгенде өткізіп алма! Ақиқаты нақтыланбаған іске қасарыс па, айқындалғанда салғырт бол ма!.

***

Иман сақтаудағы сабырдың орны – бастың денедегі орны сияқты. Сабыры болмағанның – иманы да жоқ.

 

0 пікір