ХАРУН ПАЙҒАМБАР (А.С.)
ХАРУН ПАЙҒАМБАР (А.С.)
15.09.2021 11:00
235
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімнің ойы ақырет болса, Алла Тағала оның байлығын жүрегіне салады (көңілі бай болады), шашыраңқы істерін ретке келтіреді, мына дүние (де өзіне жазылған нәсібі) оған бойсұна аяғына келеді». («Сүнән Тирмизи»)

Харун (а.с.) пайғамбар Мұса (а.с.) пайғамбарың ағасы, уәзірі әрі оның пайғамбарлық міндетінде серігі еді. Нұрлы жүзді, көркем тілді, мінезі жұмсақ пайғамбар болатын. Ол Мұса (а.с.) пайғамбармен бірге Перғауынды дінге шақырумен міндеттелді.

Мұса пайғамбар Тұр тауына кеткенде орнына Харунды (а.с.) өкіл қылып қалдырады. Харун (а.с.) Исрайыл ұрпақтарынан бұзауға табынатындарға: «Сендердің Раббыларың Рахман және Рахим болған жалғыз Алла. Маған еріңдер, әміріме бағыныңдар! (Сендерді бұзауға табынуға үгіттейтін) Самири сияқты мұнафықтардың сөзіне мән бермеңдер!» - деп әсерлі сөздер айтса да олар құлақ аспайды. Осы жағдайдан кейін ол кері шегініп, Мұса (а.с.) пайғамбардың келуін күтті. Исрайыл ұрпақтары таласқа, алауыздыққа түсіп кете ме деп артық ештеңе айтпады. 

Мұса (а.с.) пайғамбардан жеті ай немесе үш жыл бұрын жүз жиырма үш жасында, Тих шөлінде қайтыс болды. Сина тауы маңындағы Мурран тауындағы үңгірге жерленген.

 

0 пікір