ДІН МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ АРАСЫН НЕГЕ АЖЫРАТЫП АЛДЫҚ?
ДІН МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ АРАСЫН НЕГЕ АЖЫРАТЫП АЛДЫҚ?
17.10.2020 13:27
237
0

Жер шарында 2 млд жуық мұсылман бар. Олар әлем халқының 23, 4 % құрайды. Статистикаға жүгінсек, барлық мұсылман елдерінің жоғары технология экспортындағы әлемдік үлесі 3,7%, өнертапқыштық үлесі 1,9% , әлемдік жалпы ішкі өнімдегі үлесі 7,9% , ЖІӨ көрсеткіші әлемдік көрсеткіштің 10 пайызына да жетпейді.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше 57 елдің жоғары технологияны экспорттаудағы үлесі алақандай Оңтүстік Корея елінен екі есе төмен.

Неге негізінен мұсылмандар тұратын өңірлерде кедейшілдік пен қайыршылық, соғыс, артта қалушылық, сыртқа тәуелділік созылып келеді?

Неге дін мен ғылымның, тақуалық пен жалқаулықтың арасын жоғалтып алдық?

Неге біздер бұл өмірдің нығметтеріне қол жеткізуге ұмтылудан гөрі ахиреттегі өмірімен көбірек айналысып кеттік?

Сұрақ көп, жауап одан да көп. Бұдан шығатын бір ғана жол бар – ол білім-ғылым, кәсіптену, ұлы мәртебелі еңбек.

 

Мұрат Бақтиярұлының жазбасы

0 пікір