БРАТ НЕМЕСЕ АШЫҚ УАҺҺАБИЗМ ДЕУ ҚАЖЕТ
БРАТ НЕМЕСЕ АШЫҚ УАҺҺАБИЗМ ДЕУ ҚАЖЕТ
03.12.2019 11:02
1625
0

Біз сәләфпіз немесе әһлус-сунна уәл-жамағатпыз деп соғатынын қайтесің бәтірлердің...

Әһлус-сунна уәл-жамағат дегеніміз амалдағы төрт имам, сенімдегі қос имамның соңынан ерушілердің есімі яки ұраны һәм ұстанымы.

Ал сәләф болса алғашқы үш ғасырда өмір сүріп кеткен дара тұлғаларға арналған атау.

Күнімізде сәләфпіз немесе әһлус-сунна уәл-жамағатпыз деп жүргендер қой терісін жамылған қасқырлар екені аз айтылған жоқ. Олар сол сәләф және әһлус-сунна уәл-жамағаттың тырнағына да татымайды. Керісінше олардың жолын ұстанбай аты мен затына кір келтіріп жүрген бейбақтар, бетбақтар.

Сол үшін олар түбегейлі сәләф емес һәм әһлус-сунна уәл-жамағатта емес. Олардың оған үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Әһлус-сунна уәл-жамағаттың имамдары мен ғалымдары алтын әріппен жазылып, ардақталып әрі құрметтеліп бекем шежіремен жалғасып жеткен. Еш үзілген жері, тіпті сызатта түспеген.

Көшбасында Ақиық елші  + сәләфус-салихийндер + төрт имам + күнімізге дейін жеткізген раббани ғалымдар тізбегі жалғасуда. Төрт имамның қай-қайсысын зерттесең ұстазы һәм шәкірті ап-айқын көрініп тұр. Ешқандай бір бұлыңғыр күдік һәм қара дақ жоқ. Ашық айтқанда ұстазы шәкіртін, шәкірті ұстазын жәрх және тағдил жасамаған. Ол жағатсу жолы емес шынайылықтан туындап отыр.

Ал уаһһабистердің шежіресі Құран мен Сүннет................................6 ғасыр үзіліп келіп Ибн Тәймия + Ибн Қаюум әл-Жәузи ..............................5 ғасырдан астам уақыттан соң Мұхаммед бин Абдул-Уаһһаб.

Ал мұны қалай түсінуге болады? Құран, Сүннет пен амал ету үшінде оларды, оларға кім жеткізді, жеткізген адамдар қате түсініп, алушы адам ақиқатты одан асып түсініп кетті ме деген бірде-бір сұрақты қоймастан, көз жұмып қаншама жандар еріп шатасып жүр.

Ибн Тәймия мен Абдул-Уаһһабта өз замандастарының және кейін келген ғалымдардан тиесілі оң бағасын алмаған кісілер. Керісінше олардың ұстаным, көзқарастарының әһлус-сунна уәл-жамағатқа түп-тұқиясымен қарама-қайшы екенін жазып ескертіп кетті.

Қысқасы сәләф деп ол сөзді оларға қор қылмай барша мұсылман жұрты Уаһһабизм немесе өздері айтатын барт деу ең оңтайлысы әрі дұрысы сол.

 

«Мұса-мырза» мешітінің ұстазы

Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ

0 пікір